ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН «ОРАЛ ЖАСТАРЫ» ИЕЛЕНДІ
Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен «Интеграл» ЖҚБ ұйымдастырған «Жақсы сөз – жанның тынысы» атты өңірдегі мекеме-кәсіпорындар арасындағы байқауда Орал қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бас жүлдені иеленіп, 200 мың теңге сыйақыға ие болды.
Байқау мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы мемлекеттік тілді меңгерген қызметкерлердің санын арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау, қоғамның әр саласында қызмет етіп жүрген мамандарды ынталандыру мақсатында жыл сайын өткізіліп келеді. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Ғаниеваның айтуынша, топтық байқауға бұған дейін кәсіпорын-мекемелердің көбірек қатысуына мүмкіндік берілген. Өткен жылы пандемияға байланысты байқау онлайн түрінде өтсе, биыл қатысушылар шектеліп, өтінім бергендерден 4 команда ғана байқауға жіберілген. Олар – Тасқала ауданы кітапханашыларының «Тәуелсіз ел жастары» командасы, Шыңғырлау ауданы мәдениет қызметкерлерінің «Ұлағат» тобы, Орал қаласы ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының «Орал жастары» және БҚО Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің «07 аймақ» командасы.
Байқау бес кезеңді қамтыды. Әр кезеңнің тапсырмалары ел Тәуелсіздігін ұлықтау, ҚР тіл саясатын іске асыру, салт-дәстүр, әдебиет пен тарихты қамтыды. Атап айтқанда, «Тәуелсіздік – тұмарым» атты бірінші кезеңде қатысушы ұжымдар қысқаметражды бейнеролик немесе презентация арқылы өздерінің жұмыс бағыттары, алға қойға мақсат пен мекемеде тіл саясатын іске асыруға арналған мемлекеттік бағдарламаның жүргізілуі туралы баян етті. Екінші кезеңде алдын ала берілген тақырып бойынша топ мүшелерінің жазған эсселері қазылар алқасына ұсынылды. Ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған «Тәуелсіз еліме – 30 жыл», «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл», Д.Нұрпейісованың 160 жылдығына орай «Ұлы дала күйшісі» тақырыптарында ой түйіндерін жеткізген жұмыстар лайықты деңгейде бағаланды.
Топтардың әдебиет пен тарих, салт-дәстүрге байланысты білімдері және ҚР «Тіл туралы» заңын білу деңгейлері «Ойлан, тап!» және «Бәйгеге түсіп жарыспай…» кезеңдерінде сыналды. Сондай-ақ сурет арқылы мақал-мәтелдерді табу тапсырмасы шешуші кезең болды.
Әр кезеңде жүлдеге үмітті командалар байқауға жауапкершілікпен және жоғары деңгейде дайындалғандарын көрсете білді. Нәтижесінде Орал қаласы ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы – Бас жүлдеге ие болды. БҚО Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі – І орынға, Шыңғырлау ауданынан қатысқан «Ұлағат» тобы – ІІ орынға, тасқалалық «Тәуелсіз ел жастары» – ІІІ орынға ие болды.
Командалар облыстық тілдерді дамыту басқармасының дипломымен және ақшалай сыйақымен марапатталды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу