ОҚЫРМАНДАР ӨКПЕЛІ…
Маман тапшылығы облыстық клиникалық аурухананың жарақат бөлімінде көптен байқалып жүрген мәселе. Әсіресе, биылғы қыста ауа-райының сан құбылуынан көк мұзға тайып, қол-аяғын майып қылғандардың ұзын-сонар кезекке тұрған күндері аз емес. Бұл, «маусымдық жағдай» деп түсіндіреді мұндағы дәрігерлер. Дегенмен, алған жарақаты жанын қинағанда күтудің өзі ауруды еселеп жібереді емес пе?!


Нарғыз ӨРКЕН, Орал қаласының тұрғыны:
– Қате аяқ астынан болмай ма?! Қыс ортасында бауырым көк мұздың кесірінен құлап қалып, облыстық аурухананың травматология бөліміне бардық. Рентгенде қарақұрым кезек екен. Жедел жәрдем көлігі де 45 минут кешігіп келді. Бауырымның сынған аяғы шыдатпады. Енді рентгенге түсірейік десек, кезектегілер есіктің маңайына жолатпады. Кейбірі осыдан бір ай бұрын аяқ-қолдарын сындырып, басын жарып, тексерілуге келіп тұрғандар екен. «Өлім мен өмірдің арасында тұрсың ба?» деп сырқаттың жағдайымен санасып жатқан ешкім жоқ. Ауруларды қабылдайтын екі кабинетке бас сұқтым. Іште ешкім жоқ. Ұзын дәліз жақтан медбике көрінді. Мән-жайды айтып: «Дәрігерлер қайда? Аяқ астынан сырқаттанып келгендерге неге жедел көмек көрсетілмейді?» деп сұрап едім. «Апай, осы облыстық аурухана бара-бара жабылып қалатын шығар. Себебі, дәрігерлер жоқтың-қасы. Барлық бөлімдерде дәрігер жетіспейді. Бір дәрігер ғана жоғары палаталарда жүр. Күніне кем дегенде 13 ота жасалады. Сол науқастардың жағдайын тексеріп, төменгі қабатқа түскенше дәрігерді күтесіздер. Рентгенде де осы мәселе. Жалғыз дәрігер. Бір ғана аппарат» деп жауап берді.
Кезегіміз келіп болмады. Бір жерің сынбақ түгілі қирап қалсаң да кезек күтушілер «мұнда үш сағаттан бері тұрмыз, күнде осындай жағдай» деп мыңқ етпеді. Амал нешік? Бауырымның сырқаты жанына қатты батса да кешкі сегізден түнгі 12.30-ға дейін облыстық аурухананың жарақаттану бөлімінің бірінші қабатында әрі-сәрі күй кешіп жүрдік. Осыншалық уақыт ішінде науқасты күттіріп қоятын мұндай аурухананың барынан жоғы жақсы емес пе? Әзер дегенде рентгенге түсірді. Сол күнгі ұзынсонар кезекті телефондарына түсіріп, ашуға булыққан қарапайым халықтың өкпе-ренішін жеткізу мүмкін емес. Болашақта, облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы мәселені жіті қадағаласа екен деймін?!
Азамат Ғабдікәрімұлы, Орал қаласының тұрғыны:
– Өткен жылы інім басынан қатты соққы алып, жарақат бөлімінің көмегіне жүгінгенбіз. Дәрігердің қабылдауынан кейін компьютерлік томографияға түсіруге жіберді. Бірақ, оның қорытындысын білу үшін нейрохирургті күтіп бірнеше сағат отыруымызға тура келді. Амалымыздың жоқтығынан, інімді сол дәлізге жатқыздық. Бізден басқа да жарақатпен келгендер аса көп болмағанымен, бәрі де дәрігерді күтумен отырды.
Тағы бір мәселе – әупірімдеп, дәрігердің қабылдауына кіргенімізбен, ол «тыныштық қажет» деп үйімізге жібермек болды. Інімнің басын көтере алмай жатқанын көре тұра неге бұлай айтқанын түсіне алмадық. Бұған келіспейтінмізді айтып, ауруханаға жатқызуын, ем тағайындауын өзіміз сұрап алдық. Кешкі 21.00 шамасында жарақат бөліміне келген біз, інімді орналастырып түнгі 3.00 шамасында үйге оралдық. Жанында жүрген біздің осынша уақыт дәрігерді күтуден дегбіріміз қашты. Ал аурудың жағдайы қандай мүшкіл болатыны тек өзіне ғана аян.
Облыстық ауруханада дәрігер жетіспесе, аудан-ауылдың күйі қандай
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу