ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ АВТОМАТТАНДЫРЫЛАДЫ
Мектеп асханасындағы қызметті жақсарту үшін бұдан былай кәсіпкерге 3 жыл көлемінде бір мектепте жұмыс жасауға мүмкіндік берілмек. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов мәлімдеді.

Ақжайық адалдық алаңы кеңсесі жұмысын бастағалы бері бірқатар саладағы олқылықтардың орны толтырылып, мемлекеттік мекемелерде осы кезге дейін жіберілген қателіктер түзетілді. Бұл жолы спикерлер мектеп асханасындағы кейбір заңбұзушылықтарды анықтағанын айтты. Мәселен, ас мәзірінің стандарттарға сай келмеуі, таза суды ішуге арналған диспансерлардың болмауы, кей тағамдардың салмағының аздығы, пластмассадан жасалған және жарығы бар ыдыстарды қолдану сияқты бірқатар заңбұзушылықтарға жол берілген.
– Қоғамда жемқорлыққа қатысты қандай мәселе болса, халық соны көтеріп отыр. Соған сай жұмыс тобы құрылып, жауапты басқарма басшылары шақыртылып, проблеманы түп тамырына дейін зерттеу, шешу жолдары ұснылуда. Соның ішінде мектептегі тамақтың ұйымдастырылуы. Бұл үдеріс осы кезге дейін жабық болып келген еді. Болашақта мектеп директорлары мемлекеттік сатып алу процесін өткізуге қатыспайтын болады. Бұл жұмыстар енді орталықтан қадағаланады. Екіншіден, кәсіпкерлер бір мектеппен бір ғана жылға келісім жасайтын болғандықтан, қандай да бір құрылғы алу үшін ақша салуға құлықсыз екендіктерін айтты. Сондықтан, кемінде үш жылға келісім жасауды ұсынып отырмыз. Бұл оң өзгерістерге әкеледі деп сенеміз, – деді Ғабидолла Абдоллаұлы.
Сонымен қатар облыс басшысының орынбасары балалардың тамақтануын ұйымдастыру процесі автоматтандырылатынын жеткізді. Яғни, бала тамақты өзіне берілген карточкамен алатын болады. Демек, күніге нақты қанша оқушының тамақтанғанын есепке алуға мүмкіндік тумақ. Сонымен қатар ата-аналар да смартфон арқылы баласының тамақтанғанын және қандай ас мәзірі ұсынылғанын бақылай алады.
Кез келген мемлекеттік мекеме жұмысын «Ақжайық адалдық алаңы» кеңсесі нысанға алуда. Соңғы үш айда облыстың барлық аудандарында кеңсе филиалдары ашылып үлгерген. Сала мамандары негізінен медицина және білім саласында көптеген заңбұзушылықтардың орын алатынын да жасырмады.
– Жобалық кеңсеге келгендер қандай да бір саланы меңзеп жемқорлық бар екенін айтқанымен, қалай, кім арқылы жүзеге асатынын жасырады. Мұндайда бізге тексеру жүргізу қиынырақ. «Жасырын сатып алушыны» жіберу арқылы тексере алатын жағдайлар да, «Жасырын сатып алушыны» қолдана алмайтын салалар да бар, – деді жобалық кеңсе жетекшісі Әлия Сәлиева.
Атап өтейік, ҚР Мемлекеттіқ қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен БҚО әкімдігінің бастамысымен 2018 жылдың қараша айында «Ақжайық Адалдық Алаңы» атты бірлескен жемкорлыққа қарсы жоба құрылған болатын. Мақсат –Тұрмыстық жемқорлықты жою, мемлекеттік мекемелерде қолайлы жағдай қалыптастыру, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру. Жоба кеңсесі мемлекеттік мекемелердің қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін азаматтардан ұсыныстар қабылдайды. Осы орайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністеріне, әкімшілік кедергілерге және бюрократияға тап болғандардың 50 33 07 телефон нөмірі және фейсбук пен инстаграмм әлеуметтік желілеріндегі Aqjaiyq Adaldyq Alany парақшалары арқылы жоба кеңсесіне хабарласуына болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу