8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Наурыз 2021 1473 0
Қоғам

ОҚУШЫЛАРДЫ АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚЫТУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ

2021 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 қаулысына сәйкес, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтануына байланысты, жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып білім алушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді.

Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қай оқу пәндерінің штаттық немесе қашықтан оқыту форматтарында жүргізілуін және оқу сағаттарының санын анықтауды мектептер дербес шешеді.

– Бүгін БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева облыс директорларымен 1-5 сыныптағы оқушыларды дәстүрлі форматқа көшіру туралы онлайн форматта жиын өткізді.  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес бүгіннен бастап 1-5 сынып оқушылары аралас оқу форматында дәстүрлі түрде оқиды. Яғни пәндерді 70 пайыз дәстүрлі, 30 пайыз қашықтан оқиды. Ал, бала саны 300-ден аспайтын мектептердегі барлық сынып оқушылары мектепке барып оқиды. Сондай-ақ, 9, 11 сыныптың оқушылары әлеуметтік арақашықтық сақтай отырып оқуды дәстүрлі түрде оқуда,  – деді БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

Тек ерекше жағдайларда, ауырғанда немесе науқастармен қарым-қатынас жағдайларында ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан форматында оқытуға қалдыруға рұқсат етіледі.

Оқушыларға мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін, ұқыпты киімде болуға рұқсат етіледі.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
209 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
415 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»