ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА «АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ» СУРЕТ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында жас суретшілер байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты – көркем өнер саласындағы дарынды балаларды анықтау. міндеті – эстетикалық тәрбие құралдары арқылы парасаттылық қағидаларын дамыту және балалардың өз қабілеттерін шыңдауға жағдай жасау.
Байқауға Батыс Қазақстан облысы мектептерінің 7-9 сынып оқушылары қатыса алады. Байқауға қатысатын жұмыстарды білім мекемелері (соның ішінде қосымша білім мекемелері) ұсынады.
Байқауға қағаз (картон) бетінде орындалған А3, А4 форматындағы жұмыстар қабылданады. Суреттерді кез-келген техникада орындауға болады (тушь, май, гуашь, акварель, пастель, түрлі түсті қарындаш, фломастер, бор, аралас техника және т.б.). Ұсынылатын жұмыстар байқау тақырыбына сәйкес болу қажет. Негізгі идеяның ерекшелігі және оның жұмыс нәтижесінде ашылуы назарға алынады.
Байқауға қатысатын жұмыстар мен үлгіге сай өтінімдер (қосымша) Агенттіктің аумақтық департаментіне 2020 жылғы 26 қарашасына дейін жолданады (Орал қаласы, Құрманғазы көшесі 89/1). Байқау жұмыстары Агенттіктің аумақтық департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланады.
Қазылар алқасы Агенттіктің аумақтық департаменті басшысының бірінші орынбасарынан, департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысынан, Білім басқармасы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бір өкілінен, Агенттіктің консультативті-кеңестік органдарының өкілдерінен (Арнайы мониторингтік топ, Ақпараттық-ағарту штабы), сондай-ақ кәсіби суретшіден тұрады.
Байқау жеңімпаздары бойынша қазылар алқасы қорытындысын а.ж. 30 қарашасына дейін аумақтық департаменттің ресми әлеуметтік желідегі парақшасында жариялайды. Қорытындылау кезеңінде қазылар алқасы үздік деп таныған жеңімпаздар анықталады (1 орын, 2 орын, 3 орын) және олар құнды сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, жүлделі орындарға ілікпей қалғандар арасынан 15 қатысушы таңдалып, алғыс грамоталарымен марапатталады.
қосымша
«Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауына қатысуға өтінім
| 1 | Оқушының Т.А.Ә. | |
| 2 | Аудан (қала) | |
| 3 | Білім беру ұйымының атауы | |
| 4 | Класс | |
| 5 | Байланыс телефоны |
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу