8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Ақпан 2021 2036 0
Жалын

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА «АДАЛ БОЛ» ЧЕЛЛЕНДЖ-БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Өскелең ұрпақтың азаматтық белсенді ұстанымын, еліміздің дамуына жауапкершілік сезімін және сыбайлас жемқорлықты қабылдамауы мен оған төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында 15-26 ақпан аралығында облыстық «Адал бол!» челленджі өткізілді.

Челлендж-байқауға 12 ауданнан және Орал қаласындағы №13, №33, №50 мектептерінен, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатынан, облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығынан жалпы 45 жұмыс ұсынылды.

Облыстық жарыстың қорытындысы бойынша  «Жақсы іс» номинациясы бойынша облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі Карина Тілегенованың «Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында»    бейнеүзігі І орынға лайық деп танылды. Шыңғырлау ауданы балалардың мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушісі Арлан Құдайбергеннің ағаларымен бірге  қайырымдылық жасауда үлгі көрсеткен жұмысы – екінші орынға ие болды. Ал ІІІ орын  Тасқала ауданы балалардың мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушілері Салтанат Мұқашева, Нұрсезім Нұрым, Нұргүл Таңғатарова дайындаған бейнемысалға берілді.

«Адал жан» номинациясы бойынша І орынды облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі  Батырхан Досқалиев, ІІ орынды Орал қаласы №33 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Аружан Тыныштық, ІІІ орынды  Бөкей ордасы ауданы Ш.Жексенбаев атындағы орта мектептің оқушысы Айдар Жарылқап алды.

Байқау жеңімпаздары білім басқармасының грамоталарымен марапатталды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
145 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
334 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»