Қоғамның иммунитетін көтеру ақпараттық жұмысқа байланысты
Азаматтардың жат діни ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыруда әлеуметтік желілерді белсенді пайдалану қажет. Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов Орал қаласы мен аудан басшыларына осындай тапсырма берді.

Кеңес отырысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы рөлі және Орал Епархиясының конфессияаралық байланысты нығайтудағы жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ Орал қаласы мен Бәйтерек аудандарындағы дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жағдайына назар аударылды.
Орал қаласы аумағында 24 діни бірлестік бар. Қала әкімдігі барлық конфессия өкілдерімен бірлескен іс-шаралар туралы келіссөздер жүргізуде. Теолог мамандардан, оқытушылар, үкіметтік емес ұйым өкілдерінен, психологтардан құралған ақпараттық-түсіндіру тобы құрылып, жұмыс жасауда. Қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың баяндауынша, оқу орындарында дәрістер жүргізіліп, дін ұстанушы жастар арасында интеллектуалдық жарыстар ұйымдастырылады. Тұрақты түрде әр дүйсенбіде РУ-170-2 мекемесінде экстремизм мен терроризм бабымен сотталған 10 жазасын өтеушімен кездесулер өткізіліп, оңалту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ аптасына үш мәрте қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресрустық орталықта «теологиялық кеңес» сағаты өтеді. Жыл басынан бері орталықтағы теологтардан түрлі санаттағы 100-ден астам қала тұрғыны кеңес алған. Биыл теология саласы бойынша 20 шара өткен.
– Дін істері басқармасының тапсырмасымен түсірілген «Анаға хат» бейнеролигі қаладағы лэд-экрандарда және емханаларда көрсетілуде. Кинотеатрларда жоғары және арнаулы оқу орындары студенттері үшін отандық «Алтыншы бекет» және 6-10 маусым аралығында «Асыл арна» телеарнасы түсірген «Сергелдең» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Бұдан бөлек тұрғындардың жат діни ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатымен «Инстаграм», «В Контакте», «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілерінде «Діни таным», «Руханият Орал» атты топтар мен каналдарға жүргізілген іс-шаралар шығарылып, ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының тапсырмасы бойынша қалалық ішкі саясат бөлімінің құрылымы өзгеріп, қала әкімдігінің қаулысына сәйкес діни бірлестіктермен жұмыс секторы жұмыс жасай бастады. Сектор облыстық дін істері басқармасымен, терроризмге қарсы комиссия және жергілікті полиция қызметімен, теологтармен тығыз байланыс орнатып, қаладағы дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің санын азайтуда қарқынды жұмыс қолға алынды. «Жусан» операциясымен елге қайтарылған тұлғалармен де жұмыстар жүргізілуде, – деді Бақытжан Хаберұлы.
Бәйтерек ауданы әкімінің мінетін атқарушы М.Залмұқановтың мәліметінше, аудан аумағында дін саласы бойынша «Шапағат шамшырағы» деструктивті діни ағымдардан қорғау және көмек орталығы» қоғамдық бірлестігі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды бастаған. Облыс басшысының орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы аталмыш бірлестіктің жұмысын белсендіруді тапсырып, қоғамның иммунитетін көтеру ақпараттық жұмысқа байланысты екенін жеткізді.
– Жастардың басым бөлігі әлеуметтік желілерді пайдаланады. Сондықтан олардың санасына әсер ететіндей қолжетімді бейнероликтер дайындап, әлеуметтік желілер арқылы тарату керек. Әрі парақшалар ұдайы жаңғыртылып тұруы тиіс. Қаладағы барлық орта мектептің дінтану пәні мұғалімдері мен психологтарға семинар өткізіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарына тартқан жөн. Деструктивті діни ағымдарға түсу қаупі бар топтармен, әсіресе өзін-өзі жұмыспен қамтушылармен жұмыстану керек, – деді Ғабидолла Оспанқұлов.
Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Расул Абдурашит ғаламтордағы ақпарат алаңында Бас Прокуратура шектеу қоймаған авторлардың ақпараттары таралатынын, осы ретте ақпаратқа емес, авторларға шектеу қою қажеттігін ұсынды. Өйткені жарияланған бейнематериалға шектеу қойылғанымен, сол бейненің авторы басқа ақпарат дайындап, қайталап әлеуметтік желілерге салуды тоқтатпай отыр.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу