Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп: БҚО-да 25 елді мекен ішімдіктен бас тартты
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық режим арқылы қатысты.
Жиында Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз етудің 2024–2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ көші-қон ахуалы мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Орталық мемлекеттік органдардың басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев комиссия отырысынан соң құзырлы құрылымдарға Мемлекет басшысы, Үкімет жүктеген міндеттерді тиісті деңгейде орындау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету – қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі. Референдумда қабылданған Конституцияда да бұл бағытта тиісті нормалар бекітілді. Жиында жан-жақты талқыланған тұжырымдамада нақтыланғандай, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде азаматтық қоғамның белсенділігі маңызды. Мәселен, өңірде тұрғындардың өз еркімен 25 елді мекен ішімдіктен түбегейлі бас тартты. Одан бөлек ондаған ауылдың дүкендерінде спирттік өнімдер сатылмайды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, игі бастаманы жүзеге асырған ауылдарда құқық бұзушылық, соның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері тіркелмеген.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру