«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫ ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ
Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау мақсатында Орал қалалық қоғамдық штабы ашылды.

«Nur Otan» партиясының Орал қалалық штабын Мұхтар Давлетжанов басқарады. Штабтың негізгі мақсаты – Президент Қ.Тоқаевтың кандидатына жан-жақты қолдау жасау, қала аумағында Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында үгіт-насихат шараларын өткізу. Қоғамдық штабтар еліміздің барлық өңірлерінде, қала, аудандарда құрылды. Кандидаттың сенімді өкілі және еріктілер сайлаушыларға «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын, кандидаттың нақты жоспарларын түсіндіру мақсатында халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындар өзекті мәселелері бойынша штабқа жолығуларына болады. Әр ұсыныс жауапсыз қалмайды. Мамандар тарапынан нақты кеңестер беріліп, көмектер көрсетіледі. Сондай-ақ штабта күн сайын «Нұр Отан» партиясынан сайланған қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімдігінің өкілдері, құрылымдық бөлімше басшылары азаматтарды түрлі сұрақтарымен қабылдап, қоғамдық қабылдау өткізеді. Олар тұрғын үй, жер телімі, зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, шағын несие, жұмыспен қамту және өзге де мәселелер бойынша түсінік береді.
Сайлау – Қазақстандағы маңызды саяси оқиға. Еліміздің ертеңі, халқымыздың болашағы сайлаудың нәтижесімен байланысты. «Нұр Отан» партиясы өзі ұсынған кандидатының, қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымын қолдауға және ашық, әділ сайлау өткізуге дайын.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу