8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Мамыр 2019 2628 0
Мәслихат жаршысы

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ АШЫЛДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясының облыстық сайлауалды штабы ашылды.  Штаб  жұмысы Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңдарына сәйкес 11 мамырдан басталады. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы ғимаратында  өткен брифинг барысында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлейменов мәлім етті.

Алдағы 9 маусым күні біздің қоғам еліміздің жаңа Президентін сайлайтын болады.

Бұл науқанның еліміздің демократиялық бағытта дамуына айтарлықтай үлес қосатын маңызды оқиға болғалы тұрғаны анық.

–    23 сәуірде партияның кезектен тыс XIX съезін өтіп, онда Елбасының ұсынысымен партиямыздан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынылған болатын. Міне, осыдан кейін партия Төрағасы «Nur Otan» партиясына маңызды науқанға белсенді қатысу жөнінде тапсырма берді. Мұның соңын ала біз өз үміткерімізге қолдау көрсетуді жүзеге асыру мақсатында республикалық, облыстық қоғамдық штабтар құрылды. Облыс бойынша 273 бастауыш партия ұйымында 34 600-ден астам мүше бар. Біз сайлау кезінде осы ресурстардың бәрін іске қосып, науқанға тиімді пайдалана білуіміз керек. Бұл міндеттің орайында облыстық қоғамдық штабтың жұмысына жан-жақты қолдау көрсетіп, заңмен рұқсат етілген барлық мүмкіндіктерді пайдалануға тиіспіз. Бүгін өңірлік штабтың 82 мүшесін нақты бекіттік, – деді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Кенжебекұлы.

Оның айтуынша, «Nur Otan» партиясы алда өтетін Президент сайлауына дайын отыр. Өңірімізде партияның белсенділері мен жақтастарын қолдау мақсатында 13 қалалық және аудандық штабтар құрылып, 300 адам жұмысқа тартылды.  Партия мүшелері науқанда алға қойған мақсаттарын толық орындап шығатынына сенімді. Осыған орай үміткердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын тиімді, креативті және нәтижелі жүргізу жолында қолда бар мүмкіндіктер мен шаралардың барлығын іске қоспақ.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

          

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
67 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
104 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
200 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
184 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
407 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»