«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ АШЫЛДЫ
Бүгін «Nur Otan» партиясының облыстық сайлауалды штабы ашылды. Штаб жұмысы Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңдарына сәйкес 11 мамырдан басталады. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы ғимаратында өткен брифинг барысында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлейменов мәлім етті.

Алдағы 9 маусым күні біздің қоғам еліміздің жаңа Президентін сайлайтын болады.
Бұл науқанның еліміздің демократиялық бағытта дамуына айтарлықтай үлес қосатын маңызды оқиға болғалы тұрғаны анық.
– 23 сәуірде партияның кезектен тыс XIX съезін өтіп, онда Елбасының ұсынысымен партиямыздан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынылған болатын. Міне, осыдан кейін партия Төрағасы «Nur Otan» партиясына маңызды науқанға белсенді қатысу жөнінде тапсырма берді. Мұның соңын ала біз өз үміткерімізге қолдау көрсетуді жүзеге асыру мақсатында республикалық, облыстық қоғамдық штабтар құрылды. Облыс бойынша 273 бастауыш партия ұйымында 34 600-ден астам мүше бар. Біз сайлау кезінде осы ресурстардың бәрін іске қосып, науқанға тиімді пайдалана білуіміз керек. Бұл міндеттің орайында облыстық қоғамдық штабтың жұмысына жан-жақты қолдау көрсетіп, заңмен рұқсат етілген барлық мүмкіндіктерді пайдалануға тиіспіз. Бүгін өңірлік штабтың 82 мүшесін нақты бекіттік, – деді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Кенжебекұлы.
Оның айтуынша, «Nur Otan» партиясы алда өтетін Президент сайлауына дайын отыр. Өңірімізде партияның белсенділері мен жақтастарын қолдау мақсатында 13 қалалық және аудандық штабтар құрылып, 300 адам жұмысқа тартылды. Партия мүшелері науқанда алға қойған мақсаттарын толық орындап шығатынына сенімді. Осыған орай үміткердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын тиімді, креативті және нәтижелі жүргізу жолында қолда бар мүмкіндіктер мен шаралардың барлығын іске қоспақ.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу