«Nur Otan» «JasUp University» БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ
Көшбасшы академиясының негізінде бастау алған жастардың бұл жобасы – топты басқару, саясат, бизнес пен журналистика саласындағы мамандардың тренингтер жүйесін қалыптастыруға бағытталып отыр.
Оқыту мерзімі екі айға жалғасады. Осы уақыт ішінде колледждер мен ЖОО 60 студенті және жас мамандар заманауи трендке ие болған мамандықтардың қыр-сырымен танысатын болады. Оқуға үміткерлер эссе жазып, шығармашылық емтиxан арқылы іріктелді. Айта кетерлігі, партиялық бұл жоба тек білім беруге ғана емес, тұлғаның өзін-өзі дамытуына да бағытталған. Негізгі мақсаты жас қазақстандықтар үшін әлеуметтік сатыны қалыптастыру болып табылады. Жобаны елордада іске асыру «Nur Otan» партиясының Астана қалалық филиалы мен «Жас Отан» Жастар қанатына жүктелген.
«Бұл жерге қызықты жобалар ұйымдастырып, соны іске асыруға және пайдалы іс жасауға ниетті жастар келеді. Қарапайым тілмен айтқанда, біз қалыптасқан кәсіпкерлер мен саясаткерлерден түрлі салада табысқа қол жеткізу үшін не істеу керектігін, қандай қиындықтар кездесіп, қандай ерекшеліктердің болатындығын айтып берулерін сұраймыз. Өйткені бұны университеттер үйретпейді. Біздің жобамыз әлеуетті анықтап, оны жастардың бойында дамытуға бағытталған», – деді партияның Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев.
Жастар жылы аясында іске асырылғалы отырған партияның «JasUp University» жобасына қатысу – бұл көшбасшылыққа оң қадам басу.
BAQ.KZ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу