NIS-ТІҢ ОТБАСЫЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ: «ЭВРИКА» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-сынып оқушылары арасында «Эврика» ғылыми-зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңі өтті. Шығармашылық сайыс зерттеу дағдыларын қалыптастыру, интеллектуалды-шығармашылық әлеуетті дамыту және зияткерлердің ең жас тобында отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған.

Қатысушылардың көпшілігінің пікірінше, «Эврика» – бұл ғылыми жоба жазудың алғашқы және құнды тәжірибесі, зерттеудің алғашқы қадамдары. Эвриканың түрлі секциялары оқушыларға өздерінің қызығушылықтарына сәйкес жұмыс істеуге мүмкіндік берді: киберқауіпсіздік, қаржылық сауаттылық, отбасылық құндылық, цифрландыру, буллингтің алдын алу, қалдықтарды өңдеу, жаһандық жылынудың салдары, елдегі су тапшылығы, ағылшын тілін үйренудің үздік әдістері – 7-сынып оқушылары мен олардың отбасылары зерттеген тақырыптар тізімінің бір бөлігі.
– NIS Programme негізінде зерттеу дағдыларын дамыту жатыр, осыған байланысты оқушылардың сұрақтар мен гипотезаларды тұжырымдау, дәлелді деректер жинау және нәтижелерді түсіндіру қабілетін алғашқы оқу жылынан қалыптастыру маңызды. Болашақта бұл біздің түлектерге жоғары санатты маман болу, жаңалық ашу және мамандық бойынша жетістікке жетуге көмектеседі. Оқушыларымыздың ата-аналары бұл үшін мектепті қолдауға дайын екеніне және осы процеске белсенді қатысқанына қуаныштымыз, – дейді мектеп директоры Айдарбек Айтпукешев.
Самира Нұрғали (Робототехника және мехатроника), Инсар Сейітбаталов (Химия және биология), Адия Агедилова (Әлеуметтану) және Алтынай Игизованың (Лингвистика) отбасылық командалары байқау жеңімпаздары деп танылды. Сондай-ақ тәжірибелі мұғалімдерден құралған әділқазылар алқасы жеке жобаларды «Жарқын бастама», «Өзекті тақырып» және «Креативті шешім» номинацияларымен марапаттады.
7-сынып оқушысы Самира Нұрғали автоматты контактісіз санитайзер роботы үлгісін жасап шығарды. Оның айтуынша, осы модельдің жұмыс істеу принципін өндірістік ауқымда тазарту құралдарын жасау үшін қолдануға болады.
Конкурс ғылыми құндылықтан басқа отбасылық құндылықтардың дамуына үлес қосты. Бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарына оқушылардың ата-аналары ғана емес, сонымен қатар басқа туыстары, соның ішінде аға буын өкілдері қатысты: «Немереммен бірге туған ауылымның тарихын зерттедік, өлкетану әдебиеттерін бірге оқыдық, дереккөздерді талдадық және көп пікірлестік. Өлкетану арқылы туған елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру қажет деп санаймын. Жас ұрпаққа қазақ халқының өмірі мен дәстүрлерінің тарихи ерекшеліктерін көрсету өте маңызды», –деп атап өтті 7-сынып оқушысы Санжар Темірғалиевтің әжесі Сания Қаналиева.
Айта кету керек, Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бірқатар отбасылық жоба сәтті жүзеге асырылуда, оның ішінде «Ата-ана университеті», «Біз – бір отбасымыз», «Тәрбие әлемі» және т.б. бар.
Айдана ХАМИДУЛЛИНА,
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу