8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қыркүйек 2019 2368 0
Қоғам

Несиесі коллекторға өтіп кеткендердің қарызы өтеле ме?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мен Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков коллекторға өтіп кеткен несиелердің тағдыры жайлы айтып берді. Бұл туралы baq.kz жазды.

«Кейбір азаматтар тізімде бар, бірақ несиесі өтелмеген. Уақытында төлемей, несиесі коллекторлық компанияларға өтіп кетсе, ол кісілердің борышы өтелмейді», – деді Светлана Жақыпова ОКҚ брифингі барысында.

Ал ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, несиесі коллекторларға өтіп кеткен тұрғындардың қарызы кейбір жағдайда кешіріледі.

«Үкімет қаулысына сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдарының балансындағы несиелер ғана кредит өтеу акциясына жатады. Дегенмен, кредиті коллекторларға өтіп кеткен азаматтардың мәселесі екі санат бойынша қаралады. Біріншіден, несие банк балансынан шығарылмайды. Коллектор қарыз алушы мен банк арасында байланыс орнатып, қарыздың қайтуына ықпал етеді. Ондай кредиттер банк балансында сақталатындықтан акцияға қатыса алады. Ал несие банк балансынан шығарылып, коллекторға сатылып кеткен болса, онда бұндай кредит кешірілмейді. Яғни, бұл екінші санат. Коллекторлық қызмет туралы заңға сәйкес, банк қарыз иесінің келісімі болған жағдайда ғана оны коллекторға өткізе алады. Коллекторға өтіп кеткен борыш иесіне банк бұдан кейін шағымдана алмайды. Қазір коллекторлық компанияларға ондаған миллион теңге несие өтіп кеткен», – деді Олег Смоляков.

Ақпарат көзі: https://baq.kz/news/othernews/nesiesi-kollektorga-otip-ketkenderdin-qaryzy-otele-me/
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
239 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
419 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
408 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»