11 Сәуір 2019 1765 0
Қалалықтар қаперінеНАЗАРБАЕВ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУДЫҢ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ ЕКЕНІН АЙТТЫ

Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен кеңес өткізді, – деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Nur Otan партиясының орталық аппаратына барып, оның қазіргі жұмысымен танысты және құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің қатысуымен кеңес өткізді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде болған соңғы саяси оқиғаларға байланысты партияның алдында стратегиялық маңызы бар бірқатар міндет тұрғанын айтты. «Біз жақында Nur Otan» партиясының съезін өткізіп, оның 20 жылдық мерейтойын атап өттік. Партияның жаңа мақсат-міндеттері айқындалды. Елімізде болған оқиғалар барша жұртқа белгілі. Мен партияның, Қауіпсіздік кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы болып қала беремін», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев белсенді әрі нәтижелі жұмыстың арқасында Nur Otan партиясы еліміздің басты саяси күшіне айналғанын атап өтті. «Реформалар, даму, азаматтық қоғам » партияның жұмылдырушы негізі. Қоғамның тұрақтылығы, халықтың бірлігі мен келісімі өсіп-өркендеуіміздің басты басымдықтарына айналды. Азаматтарымыздың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету және Қазақстанды әлеуметтік мемлекет ретінде дамыту мәселесі басым бағытымыз болып қала береді», – деді Nur Otan партиясының Төрағасы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашудың маңыздылығын атап өтіп, әлеуметтік масылдыққа жол бермеу қажеттігіне баса мән берді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының өтуіне байланысты Nur Otan партиясы алдағы сайлау науқанына белсенді қатысуға тиіс екенін айтты. «Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің заңды құқығын пайдаланып, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл сайлау биліктің заңдылығын одан әрі нығайтып, елімізде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет. Енді бізге партияның съезін өткізіп, ел президенттігіне кандидатура ұсынуымыз керек. Партияның аппараты съезді өткізу үшін қажетті жұмыстардың бәрін жылдам іске асыруға тиіс. Партиямыздың атынан кандидатура ұсынғаннан кейін Қоғамдық сайлау штабының жұмысын ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыспен менің бірінші орынбасарым Мәулен Әшімбаев айналысады», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев сайлауды толығымен ел заңнамасына сәйкес және барлық демократиялық нормалар мен рәсімдерді сақтай отырып өткізу қажеттігіне назар аударды. Кеңес барысында партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев сайлау штабын ұйымдастыру жұмыстары туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев М.Әшімбаевтың ақпаратын назарға алып, партияның орталық аппараты мен филиалдары алдағы іс-шараларды ұйымдастыру үшін жылдам әрі үйлесімді жұмыс істеуге тиіс екеніне тоқталды. «Партияға зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Бұл таңдап алған саяси бағдарымыздың сабақтастығын және өзім белгілеген барлық стратегиялық міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ету. Nur Otan Қазақстанды жаңғыртатын басты қозғаушы күшке айналды. Сондықтан, белгіленген міндеттердің бәрі толығымен орындалуға тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Nur Otan партиясының Төрағасы «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл » Ел бесігі» және «Халыққа көмек» жобаларын тиімді іске асыру мәселелері туралы айтты. Сондай-ақ, Елбасы партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын іске асыру үшін нақты іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев партияның мемлекеттік басқару жүйесі үшін кадр дайындайтын негізгі құрылым болуға тиіс екенін атап өтіп, Nur Otan партиясының республикалық кадр резервін жасақтауды тапсырды. Елбасы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша партия мүшелері жүргізетін тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Nur Otan партиясы менің саясатымның мәнін түсіндіру ісінде басты институт болуға тиіс. Уақыт пен қол жеткізген жетістіктер ұстанған бағытымыздың дұрыстығын көрсетті. Бұл бағдарды одан әрі іске асыру үшін нақты жұмыс істеу керек, » деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Соңғы жаңалықтар
Заң және тәртіп
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
17 Маусым 2026
15 0
Заң және тәртіп
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
17 Маусым 2026
16 0
Таза Қазақстан
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
16 Маусым 2026
71 0
Заң және тәртіп
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
15 Маусым 2026
116 0
Без рубрики
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
14 Маусым 2026
133 0
Жаңалықтар
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
14 Маусым 2026
187 0
Без рубрики
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
14 Маусым 2026
205 0
Жаңалықтар
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
13 Маусым 2026
156 0
Экономика
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
13 Маусым 2026
190 0
Экономика
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
11 Маусым 2026
255 0
Жаңалықтар
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
11 Маусым 2026
228 0
Искусственный интеллект
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
10 Маусым 2026
240 0
Заң және тәртіп
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
10 Маусым 2026
245 0
Экономика
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
10 Маусым 2026
251 0
Жаңалықтар
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
10 Маусым 2026
248 0
Заң және тәртіп
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
09 Маусым 2026
267 0
Экономика
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
09 Маусым 2026
301 0
Таза Қазақстан
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
08 Маусым 2026
294 0
Жаңалықтар
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды
08 Маусым 2026
320 0

Кіру
Пікір үстеу