НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ТАМАҚТАН УЛАНУДАН САҚТАНАЙЫҚ
Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі қазақ халқының тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Қала аумағында қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алған қала халқының тұрғындары жиылған мерекелік шаралар жыл сайын атап өтілуде. Сонымен қатар мерекелік шаралар ұйымдастырылған орындарда қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, ұлттық тағамдарымен толтырылған үлкен дастархан жайылып, «Наурыз көже» ұсынылады. Алайда тағам дайындау технологиясы дұрыс сақталмаған, сату жағдайларында бұзушылықтар кездескен тағамдарды тұтыну кезінде адамның денсаулығына кері әсерін тигізетін әр түрлі тамақтан улану белең алуы мүмкін.

Осыған орай Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын сақтау мақсатында «Наурыз» мерекесін тойлау қарсаңында кәсіпкерлік субъектілеріне, қала тұрғындарына ҚР ДСМ 2017 жылғы 31 мамырдағы №358 «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығы негізінде тамақтан уланудың алдын алу шараларын орындау қажеттігін қаперге салады.
Сауда нүктелерінде өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) герметикалық қапталған консервіленген тамақ өнімдерін, өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) кондитерлік бұйымдарды, аспаздық (ет және балық, көкөніс, ұн) бұйымдарды, өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) жас және қайта өңделген саңырауқұлақтарды өткізуге және тұтынуға жол берілмейді. Тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауардың ілеспе құжаттарында өнімдердің дайындалған уақыты және күні, сақтау температурасы және өткізудің соңғы мерзімі көрсетілуі тиіс.
Сонымен қатар, тағам өнімдерін сату кезінде төменде көрсетілген қағидаларды сақтау қажет:
- объектіні, іргелес аумақты таза ұстайды;
- тамақ өнімдерін қабылдауды және өткізуді оның қадағалануын қамтамасыз ететін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын тауарға ілеспе құжаттар бар болғанда жүзеге асырады;
- тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін, сақтау және өткізу жағдайларын сақтауды қамтамасыз етеді;
- тамақ өнімдерінің өткізу мерзімдері мен босату талаптарын сақтайды, босату кезінде сауда мүкәммалын пайдаланады;
- тамақ өнімдерін ластанудан қорғайды;
- таза арнайы киімді киеді;
- жеке гигиена қағидаларын сақтайды;
- өзімен бірге нормалау құжаттарында бекітілген нысан бойынша жеке медициналық кітапшасы болады.
Тамақ өнімдері қабылдау, сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде оның қадағалануын қамтамасыз ететін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын тауардың ілеспе құжаттарымен, сондай-ақ 021/2011 КО ТР талаптарына сәйкес сақтау, тасымалдау жағдайлары және сақтау мерзімі туралы ақпаратпен қоса жүруі тиіс. Тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау, өлшеп-орау және өткізу шикі тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттарды тұтынуға дайын тамақ өнімдерінен бөлек тасымалдауды, сақтауды, өлшеп-орауды қамтамасыз ете отырып, тауар көршілестігін сақтау арқылы оның ластануын болдырмайтын жағдайларда жүзеге асырылады.
Тез бұзылатын тамақ өнімдерін тасымалдау тасымалдаудың температуралық режимін қамтамасыз ететін, салқындатылатын, изотермиялық шанағы бар көлік құралдарында, рефрижераторларда жүргізіледі.
Гүлдана Губайдуллиева, Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы маманы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу