8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Ақпан 2021 1717 0
Қалалықтар қаперіне

НҰРЛЫ ЖЕР: БҚО-ДА БИЫЛ 9 КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Биыл Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 9 көппәтерлі  тұрғын үй салынады. Бұл туралы бүгін өңірлік комуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте  мәлім етілді.

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев мәлім еткендей, мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы қалада салынатын 9 көппәтерлі тұрғын үйде 1126  пәтер болмақ.

– Соның ішінде екі үй жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғанда үшін салынауда. Олар Зашаған кентідегі №48 дақта және Ақсай қаласындағы қарашығанақ шағынауданындағы №38-дақта салынуда. 7 көппәтерлі тұрғын үй «Отбасы банк» АҚ салымшылары үшін. Сонымен бірге  ауылдық елдімекендерде 66 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде және 19 үйдің құрылысы басталады. Оның ішінде жергілікті атқарушы органда кезекте  тұрғандар үшін 42  үй ұсынылмақ. «Отбасы банк» АҚ салымшылары үшін Тоқпай ауылындағы 40 тұрғын үй салынуда,  – деді спикер

Оған қоса осы бағдарлама шеңберінде  32 инженерлік  коммуникациялық инфрақұрылым нысанының құрылысын жүргізу көзделген.

Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй құрылысына – 16,1 млрд.теңге, оның ішінде үй құрылысына – 11,4 млрд. теңге, инженерлік  коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына – 4,66 млрд. теңге бөлінді.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
94 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»