МОТОРЛЫ ҚАЙЫҚ ҚАҒЫП КЕТКЕН ӘЙЕЛДІҢ БАСЫ ӘЛІ ТАБЫЛҒАН ЖОҚ
6 маусымда моторлы қайықтан ажал құшқан Екатеринаның басы әлі де болса су астынан шығарылған жоқ. Оған қоса осы қайғылы оқиғаға жауапты қылмыскер де іздестірілуде.

4 күннен бері марқұмның денесі жер қойынына оның су астында қалған дене мүшелері шығарылмағандықтан, тапсырылмай отыр. Төтеншеліктер болса күндіз-түні іздеу шараларымен шұғылданып жытырғанымен нәтижеге жете алмай отыр. Оның себебін олар өзен астындағы құрылыс қалдықтарының көптігімен және су айдынының ластығымен байланыстырып отыр БҚО ТЖД ЖҚЖ сүңгуір тобының жетекшісі Алексей Еремеев.
– Оқиға болған уақыттан бері әйелдің су астында қалған дене мүшелерін іздеуді тоқтатқан жоқпыз. Нәтиже жоқ. Себебі су астында қалдық құрылыс материалдары көп. Және жұмысты қиындатып тұрған бірнеше себеп бар. Марқұмның денесі су ағысымен жылжып кетуі мүмкін. Ал осы іске түсі ақ күші 150 жылқының күшімен пара-пар моторлы қайық иесі жауапты деп күдіктеніп отырмыз. Олардың саны да көп емес,– деді А. Еремеев.
Естеріңізге сала кетеміз, қайғылы оқиға 6 маусым күні сағат 22.15-те Шаған өзенінде орын алды. Селекционный ауылына қарай, «Достық» саяжай қоғамы жағындағы шойын көпір тұсында белгісіз біреу моторлы қайықпен суға шомылып жүрген 1979 жылғы әйелді қағып кеткен болатын. Әйел алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды. Марқұмның көршілері оның соңында 20 жасар ұлының қалғанын және оның спортшы екенін, көрген жарығында жайлы адам болғанын айтып еске алды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне сәйкес (өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу