МОНИТОРИНГ ТОБЫ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗДІ
Орал қаласы әкімінің тапсырмасымен абаттандыру жұмыстарын бақылайтын қоғамдық мониторинг тобы құрылған болатын. Мониторинг тобы 27-28 қаңтар күндері қаладағы мемлекеттік, әлеуметтік, нысандар мен шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының 80 пайызын қамтып, сондай-ақ орталық және негізгі көшелердегі жарықтандыру мен тиісті аумақтағы қар тазалау жұмыстарын тексерді.
Тексеру нәтижесінде әр түрлі сипаттағы заңбұзушылықтарға жол берген нысандарға хабарлама берілді. Алайда, қазіргі таңда хабарлама таратылған мекемелердің тиісті міндеттемелерін орындамай отырғаны анықталды. Мәселен, олардың қатарында Құрманғазы-59 мекенжайындағы «Орал-Стом» стоматологиясы, М.Мәметова көшесіндегі «Мир дверей» дүкені, Құрманғазы көшесіндегі «Шашлыкоф» кафесі, Гагарин көшесіндегі «ҚазТрансГазАймак» АҚ, Статистика департаменті, Ауыл шаруашылығы басқармасы, Гагарин көшесіндегі «Старт» сауда үйі, «Коммунальник», «Северный», «Агрореммаш» ПИК-тері бар. Осы орайда, сүйікті қаламыздың тазалығы мен абаттандыру жұмыстары әрбір мекеменің міндеті ғана емес, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін екенін ескерген абзал. Бүгін мониторингтік топ Шолохов көшесінде жеке кәсіпкерлердің қаланы абаттандыру ережесін сақтау бойынша кезекті іс-шара өткізді. «Лига» көлік жуу кешені, Шолохов-С. Тюленин көшелерінің қиылысындағы «Юнисерф» кеңсе-орталығы, «ДОС компании» ЖШС, «Беркут» ЖҚС, «VenOiL» ЖҚС сияқты іргелес аумақтардан жиналған қарға қатысты бұзушылықтар анықталды. Барлығына анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама берілді.



Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу