МОБИЛЬДІК ТОП БИЗНЕСТІ ҚОРҒАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
Бәйтерек ауданы прокуратурасының жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильдік топ мобильді бейнеконференц байланысы арқылы «Өңірде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың проблемалық мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге «Атамекен» ҰКП, «Нұр Отан» партиясы және Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі өкілдері қатысты.
Кездесуді ашу кезінде аудан прокурорДың орынбасары Б.Молғалиев мемлекет тарапынан бизнесті қорғау бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлік қызметке жағдай жасау үшін іске асырылып жатқан жобаларды атап өтті.
«Атамекен» ҰКП филиалы басшысы А.Қартқожақованың ұсынысы бойынша, мобильдік топ ауыл шаруашылығы мақсатындағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде орын алатын проблемалар туралы хабарлаған жергілікті кәсіпкердің ауызша өтінішін қарады.
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша облыстық көліктік бақылау инспекциясына заңдылықты бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді.
Мобильдік топқа әр кәсіпкердің бизнесті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдар туралы айтуға мүмкіндігі бар екенін атап өткен жөн.
Қабылданған шаралар арқылы мобильдік топтың ауданның бизнес-қауымдастығынан кері байланыс алуына бағытталған. Кәсіпкерлер 8(71130)22-704, 8(705)515-5571 нөмірлері арқылы немесе 7113007@prokuror.kz электрондық поштаға өтініш жолдау арқылы мобильдік топқа хабарласа аласыз.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу