8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қазан 2019 1785 0
Без рубрики

«НЕГІЗГІ ЖҰМЫСЫМЫЗ – ХАЛЫҚТЫҢ САНАСЫН ОЯТУ»

Мэлс СЕМҒАЛИЕВ, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық  қоғамдық бірлестігінің Орталық аппарат басшысы:

– Қоғаммен жұмыс жасаған соң тексеру, біреулердің соңынан шам ала түсу секілді жұмыстармен айналыспаймыз. Халықтың мүддесін, мұң-мұқтажын тыңдап, естіп, жоғары басшыларға жеткізу. Мемлекеттік органдармен халық арасын жалғастыратын «алтын көпір» іспеттіміз. Әр адамда шешілмейтін мәселе болады. Соны нақты шешуге атсалысамыз. Мысалы, Қызылорда қаласында өткен жылы қарапайым еден жуушы азаматша филиалымызға келіп, еңбекақысының аз екенін айтты. Қызметкерлеріміз тексеру жүргізді. Шын мәнінде, жұмыс беруші 30 пайызға төмен жалақы беріп отырғанын анықталды. Азаматшаның мүддесі қорғалып, жалақысы көбейтілді. Мұндай мысалдар әр облыста бар. Мемлекеттік қызметкерлердің де көбісі заңды дұрыс білмейді. Бұл мәселені әлі күнге көтеріп келеміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР заңнамасының біз келіспейтін тұстары бар. Соны сараптап, ұсыныстар енгізіп, мемлекеттік органдарға, депутаттарға жібердік. Былтырғы жылдың маусым айынан бері Парламенттің қабырғасында заң жобасы жатыр.  Бұл заңға өзгерістер енгізілуін қоғам күтіп отыр, яғни 27 заң, соның ішінде 9 кодекс, 18 заң жаңартылуы керек.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
100 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
341 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
334 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»