8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Желтоқсан 2020 1280 0
Қоғам

«ҮМІТТЕ»  БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін, 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні Оралдағы Деркөл кенті Үміт шағынауданында балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Жаңа алаңның ашылуына қала әкімі Абат Шыныбеков, елдімекен тұрғындары жиналып, шағынауданды көркейту мәселесін талқылады.

Тұрғындар балалардың қауіпсіздігі үшін алаңның салынғанына қуанышты екендіктерін жеткізіп, оған қоса елдімекен аумағын көгалдандыруға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Қала басшысы Абат Шыныбеков алдағы уақытта кентте тұрғындардың демалыстарын өткізуге, тынығуға арналған орындарды ұйымдастыру жалғасын табатынын атап өтті.

Кент әкімінің орынбасары Роман Жумиевтің айтуынша биыл кентте үш балалар ойын алаңы салынған. Құрылымдарды орнатуға 5 млн. теңге жұмсалған.

– Биыл жоспарланған үш ойын алаңы Новостройка, Ветелки елдімекендері мен Үміт шағынауадны аумағында орнатылды.  Деркөлдің орталық саябағындағы спорттық алаң күрделі жөндеуден өтті. Келер жылы Деркөлдің орталығында , Көкжиек және  Сарыарқа шағынаудандарына  ойын алаңдарын салу жоспарлануда. Сондай-ақ аялдама павильондары мен қоқыс контейнерлеріне арналған алаңдарды және басқа да абаттандыру жұмыстары жүргізілуде,  – деді Роман Жумиев.

Айта кетейік, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарға сәйкес, 2020 жылы 18 наурызда БҚО әкімдігінің №48 Қаулысы және БҚО мәслихатының №33-12 бірлескен Шешімі негізінде «Орал қаласы Деркөл кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылып, шілде айынан бастап жұмысын бастаған болатын.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»