Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА: «ПАРАСАТПЕН» БІРГЕ БОЛУ – ПАРЫЗЫМЫЗ!»
Бүгін, 18 наурыз күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы «Парасат жолы» орталығында өңірге жұмыс сапарымен келген республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовпен бірге зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Қоғамда парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыру тақырыбы қозғалған басқосуда жазушы, қалалық «Жайық үні» ЖШС газеті редакциясының директор-редакторы Мира Шүйіншәлиева жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды әр адам өзінен бастауы тиістігін жеткізді.

– Атақты Император Александр Македонский өмірден өтерде он саусағын көтеріп, «Міне, қараңдар! Бұл өмірде жинаған байлығымнан ештеңе алған жоқпын, ештеңе алмай кетіп бара жатырмын» деген екен. Сол секілді атақты Сүлеймен Пайғамбар да «Бәрі де өткінші. Бәрі де артта қалады» депті. Осыны біле тұра, біз шынымен тойымсыз, дым көрмегендей ашкөз, қатыгез, құлқыны ашылған жемқор болып кеттік.
Ақжайық ауданын ұзақ жыл басқарған, түрлі мемлекеттік мекемелерде басшы болған, адалдықтың ақ жолымен жүрген, өкінішке орай, өмірден ерте кеткен марқұм Сәтбаев Әлібек Байжанұлы деген аға есіме түсіп отыр. Қай жерге басшы болып барса да «Аяз би әліңді біл! Құмырсқа жолыңды біл!» деген мақалды үлкен әріптермен қызмет бөлмесіндегі есіктің ең жоғары жағына жазып қоятын. Бірде сұхбат алғанымда әдейі сұрадым. «Мына қара кресло не істетпейді? Адамды бұзатын да, сататын да, абыройдан айыратын да осы кресло. Кешегі киген жаман шапаныңды ұмытпау үшін әдейі іліп қойдым. Менің алдыма жұмыс сұрап келетін, амандаса келетін азаматтар көп. Олар кабинеттен кері шығып бара жатқанда, осы мақалға көзі түссін, оқысын, ойлансын» деп еді.
Қандай саланың қызметкері, басшысы болмасын абыроймен жұмыстарын атқаруы тиіс.
Қазір қоғамда күйіп тұрған мәселе көп. Мысалы, медицина! Өз денсаулығыңды Сақтандыру үшін әркімнің жалақысынан арнайы жарна аударылса да көбіміз мекенжайымыз бойынша тіркелген емхананың қызметін дұрыс пайдаланбаймыз. Неге? Себебі, диплом сатып алған, сабақты дұрыс оқымаған медбике тамырды таба алмайды. Кейбір дәрігерлер нақты диогноз қоя алмайды. Бұған нақты дәлел жетеді. Сосын амалсыздан, ақылы емхананың қызметіне жүгінуге мәжбүр. Ақылы ем алуды екінің бірінің қалтасы көтермейді. Сондықтан оқу орындары студенттерге адал білім беруі керек. Ал бізде студенттің есебінен тамақтанатын, жағдайын жасайтын, диплом сататындар қаншама?! Үйде жатып, мұғалімнің есеп шотына ақша аударып бағасын алатындар бар.
Айта берсек, сыбайлас жемқорлықтың қоғамда жарасы көп, қаси берсек қотыры көп! Осы мәселелерді жоғары жақтан келгендерге айтпай-ақ, өңірдегі тиісті саланың тізгінін ұстаған азаматтар жолға қойып, жөнге салуы керек.
«Парасат жолының» күні кеше жүз жылдығы дүркіреп өткен қоғам қайраткері, атақты Жұбан Молдағалиев атындағы республикаға танымал кітапханада ашылғанына қуаныштымын. Кітап – жан азығы. Кітап – адамның бәрін тәрбиелейді, адамгершілікке, кісілікке жетелейді. Бір-бірімізге ақыл айтқаннан нәтиже шықпайды. Ақын Ақұштап Бақтыгереева айтқандай, студент-жастармен онлайн арқылы сұқбаттасып, ел-жерді, мекемелерді аралап, өзекті мәселені ортаға салып, жемқорлықлықты, «ашқарақтықты» бірлесе жою жолында жұмыла күрессек алынбайтын қамал жоқ деп ойлаймын, – деді Мира Хамзақызы.

zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу