ӨМІР ЖОЛЫ ӨНЕГЕГЕ ТОЛЫ АНАЛАР
8 Наурыз – халықаралық әйелдер күні қарсаңында оралдық зияткерлер өз шаңырағында құрметті қонақтарды қарсы алды. «Ақжайықтың ардақты аналары» атауымен ұйымдастырылған жобаның кейіпкерлері – әр салада нәтижелі еңбек етіп, өмір жолы өнегеге айналған аяулы аналар.

Ақжайық өңірінің сыйлы тұлғалары, айтыскер-ақын, ұстаз, көпбалалы ана, ғалым, кәсіпкер, пошташы, тігінші, спортшы, кітапханашы, кәсіпкер, құрылысшы, дәрігер, өнер саласының мамандары – барлығы 24 ана шаңырақ сағаттарына қатысып, жастармен пікір алмасты. Бұған дейін оқушылар кейіпкерлермен жүздесіп, жақынырақ танысып қайтқан болатын.
Жоба мақсаты – еңбек адамын ұлықтау, ұрпақтар сабақтастығы аясында қонақтардың тұлғасын зияткер оқушыларға үлгі ету, олардың бойында үлкенге құрмет, адамгершілік, қоғамға қызмет ету секілді құндылықтарды қалыптастыру.
Ұстаз, айтыскер ақын, жұбантанушы Үзілдік Елубайқызы қазақ әдебиеті мен мәдениеті хақында ой қозғаса, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог Лидия Макарова кәсіпке адал болудың маңызын айтып берді. Ал 13 баланың анасы, тігінші Қамида Ғатауова еңбек ету, жанұя берекесін сақтау сырларымен бөлісті.
45 жылдық тарихы бар «Отделстрой» ЖШС директоры, құрылысшы, қалалық мәслихатының депутаты Валентина Михно оқуды бітіргеннен кейін бірден құрылыс алаңына суретші ретінде келгенін есіне алды. Қайсар жан өзі кәсіби маман болып қана қоймай, бірнеше буын құрылысшыларды тәрбиелеп шығарды. Балаларға Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова мемориалдық музейінің директоры Светлана Бектенованың да өмір жолы қызық болды. Ол Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлованың жүріп өткен жерлеріне «Естелік вахтасы» автожорығының бастамашысы және ұйымдастырушысы. «Жеңіс әйелдері» кітабының авторы.
– Бүгінгі аналар – қайсарлықтың, адалдықтың, мейірімділіктің жарқын үлгілері. Біз оқушыларымыз осы жандардан үлгі алса екен дейміз, – дейді директордың орынбасары Эльвира Айдыналиева. Тәрбие сағаттарынан соң зияткерлер «Ақжайықтың ардақты аналары» атауымен концерттік бағдарлама ұсынады. Жоба кейіпкерлері танымдық шара үшін алғыстарын білдіріп, оқушыларға ақ баталарын берді.

Айдана ХАМИДУЛЛИНА, Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу