МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
«Ақсай» спорт кешенінде Ақсай мешіті жамағаты арасында Ақсай қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қала мешіттерінің жамағаты арасындағы бірлікті, бауырмашылдық пен салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында пауэрлифтингтен және қайталап сығымдаудан аудандық турнир өткізілді. Аталмыш додаға 24 спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 59 келі салмақта А.Бақытжанов, 66 келі салмақта Б.Аймаханов пен С.Мажитов алдыңғы орындардардан көрінші. 83 келіде А.Кенжеғалиев – бірінші, Н.Тәжіғалиев – екінші, Әлібеков – үшінші орын алды. 93 келі салмақ дәрежесі бойынша Р.Омаров – бірінші, Г.Баймұқанов – екінші, С.Құрамысов – үшінші орын иеленді. 105 келі салмақ дәржесі бойынша білек күштерін сынға салғандар арасында А.Сисенов – бірінші орын алса, Б.Күйешев пен Н.Ақдрашев – екінші-үшінші орындарды иеленді.
Қайталап жатып сығымдаудан (Много повторный жим) А.Сисенов қарсыластарынан мықты екенін дәлелдеді. Г.Баймұқанов – екінші, Б.Күйешев – үшінші орын алды.
Жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің тиісті дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен және Бөрлі аудандық мешіті тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу