МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬДАР ТАҚТЫ
Кеше қалалық әкімдіктің кіші залында «Ерекше Тәуекелді солдаттар» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы, облыстық мүгедектер қоғамы өкілдері бас қосты. Ардагерлерді қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Әлібек Молданиязов қала әкімі Мұрат Мұқаевтың атынан Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, мерекелік медальдар табыстады.
Басқосуда өңіріміздің әр ауданынан жиналған полигон төңірегінде әскери міндетін өтеген, жұмыс жасаған және одан зардап шеккен жандар сынақ алаңында болғандардың түйінді проблемаларын ортаға салды. «Ерекше Тәуекелді Солдаттар» ҚБ БҚО бойынша төрағасы Есім Бектілеуов Семей полигонында жарылыс аймағын көзімен көріп, сол кезде азаматтық борыштарын өтеген жауынгерлердің құқықтарын қорғау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. – Семей полигонында әскери борышымызды өтедік. Көп нәрсенің байыбына тереңдеп бармайтын жас болсақ та, жергілікті халықтың басына түскен қасіретті сездік. Жарылыс салдарынан қайтыс боп кеткендері өз алдына ғой, айықпас ауруға шалдыққандарды көрдік. Бойымызды аяныш сезімі билегенімен, қолдан келер дәрмен жоқ. Міне, содан бері талай жыл өтті. Бүгінде кездесіп, сол күндерді еске алуға, бір-бірімізді моральдық тұрғыда қолдауға мүмкіндік бар, – деді Талғат Зарифов. Ал ардагер Великий Тұяқов: – Біз көргенді бүгінгі жастардың бастан кешпегенін қалаймын. Жарылыстан көз ашпаған қазақ даласының сырын ұғып, мұңын түсіндім. Қаншама адамның ғұмыры қиылды. Осы жерде отырғандар Кеңес Одағы кезінде әскер борышын адал атқарғандар, – деп кейінгі ұрпақтың аспаны ашық болуын тіледі. «Ерекше Тәуекелді солдаттар» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Сайлау Хамитов Семей ядролық полигонында жасалған сынақтан зардап шеккен азаматтарға арналған жеңілдіктерді кеңейту жөнінде мәселе көтеріп, Президенттің өзі қол қойған құжаттың тек біздің өңірімізде ғана күші жоқтығын тілге тиек етті. Шара барысында ардагерлерге «Ерекше Тәуекелді солдаттар» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан мерекелік медальдар мен алғыс хаттар табысталды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Мұрат ЕСҚАЛИЕВ, «Ерекше Тәуекелді солдаттар» қоғамдық бірлестігінің мүшесі:
– Ресей Федерациясы, Оренбург облысы, Первомай ауданынан келдім. Қазақстанмен салыстырғанда Ресейде біздің қоғам мүшелеріне жеңілдіктер көп. Қоғамдық көліктер тегін, емханаларға, банктерге құжатпен кезексіз қабылдайды. Құрмет ерекше. Ұлы Отан соғысына қатысқан немесе теңестірілген тұлғалардың үйінің жанында тақтайша ілініп тұрады. Орал қаласына жиі келіп тұрамын. Мұнда жеңілдіктер аз. Семей полигонына өңіріміздн 17000 адам қатысса, соның 1000-ға жуығы ғана бар.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу