МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ҚОНЫС ТОЙ КӨБЕЙДІ
Бүгін, Конституция күні мерекесі қарсаңында Зашаған кентіндегі Саратов тас жолы бойынан 117 пәтерлі, көпқабатты тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Облыс әкімі Ғали Есқалиев баспаналы болған жандардың қуанышын бірге бөлісіп, пәтер кілттерін табыс етті.

– Баршаңызды ел Конституциясының 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Ата Заңымызда еліміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп айқын көрсетілген. Ел халқының күнделікті өмір сүру жағдайын жақсарту үшін бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Солардың бірі – Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жер» бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында бой көтерген тұрғын үйлердегі әр пәтердің бір шаршы метрі 140 мың теңгеден сатылуда. Ал мелекет тарапынан тұрғын үй салушы компанияға әр шаршы метрі үшін қосымша 50 мың теңге қаржы аударылады. Бұл да болса баспана алуды мақсат еткен жерлестеріміз үшін үлкен қолдау. Дәл осындай жеңілдіктер басқа мемлекеттерде қарастырылмаған. Сонымен қатар бірқатар жерлестеріміз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, баспаналы болуда. Аталған несие 25 жыл мерзімге, бес пайыз үстемақымен беріледі. Қорыта айтқанда, өңір тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Бүгінгі пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтаймын. Әр шаңыраққа бақ пен береке тілеймін. Жаңа пәтерлердің терезесінен әр күннің нұр шуағы шашылып, бақытты бүлдіршіндердің күлкісі естілсін, – деген облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы бірқатар тұрғындарға пәтер кілтін табыстады.
Бүгін баспаналы болғандардың қатарында Альберт Төлешқалиев те бар. Жас жанұяның отағасы полиция басқармасында, жары білім білім беру саласында қызмет атқарады екен. Бақытты отбасы бұл күнді ұзақ күткендерін айтты. – Шаңырақ көтергенімізге сегіз жыл болды. Осы кезге дейін пәтерден-пәтерге көшіп жүрдік. Осыдан төрт жыл бұрын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ- тан есепшот ашып, қаражат жинай бастадық. Енді бүгін екі бөлмелі су жаңа пәтерге қол жеткіздік, – дейді ол.

Соңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу