8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қаңтар 2020 2792 0
Қалалықтар қаперіне

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ШАРАЛАРҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Биылғы жыл  атаулы даталарға толы – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл, қазақтың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, сондай-ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қазақстанның Халық жазушысы, ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің туғанына  – 100 жыл және Қадыр Мырза Әлінің туғанына – 85 жыл. 

15 қаңтар күні Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековтың және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен жиын өтіп, мерейтойларға дайындық шаралары пысықталды. Атаулы мерейтойлардың жұмыс жоспары жасалып, қала әкімінің өкімімен жұмыс тобы құрылған. Бұл жұмыс тобында Ұлы Отан соғысы және тыл  ардагерлері, тарихшы-ғалымдар, ақын-жазушылар бар.  Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Жиында атаулы даталарға байланысты атқарылатын іс-шаралар жоспары таныстырылып, қатысушылар мерейтойлық шараларды өткізудің маңызы туралы ой бөлісті.

– Әр мерейтойға орай жоспар дайындалды. Сондай-ақ Әл-Фараби, Абай, Жұбан, Қадырды жастар арасында насихаттау мақсатында қысқаша бейне роликтер дайындалып, әлеуметтік желіде таратылып, кинолекториялар өткізіледі. Абай, Жұбан, Қадыр шығармаларын оқудан челлендждер ұйымдастырылып, өзге ұлт өкілдері арасында да ақындардың өлеңдерін оқудан байқаулар ұйымдастырылмақ. Мерекелік шараларды тойлау қаңтар айының басынан бастау алды. Негізгі көпшілік шаралар қазіргі уақытта балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары арасында басталып, аға буын  ардагерлерге дейін әр түрлі жастағы тұрғындарды қамтитын болады, – деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»