«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2019»: ЕРОЛЕЕВТЕР ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Орал қаласында «Мерейлі отбасы – 2019» ұлттық байқауының қалалық кезеңі өтіп, облыстық кезеңге қатысушы отбасы анықталды.

2013 жылы Елбасының жарлығымен отбасылық өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлтық байқауы жарияланған болатын. Биыл дәстүрлі түрде алтыншы мәрте өткізіліп отырған шара Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді іске асырудағы отбасы рөлін айшықтауға бағытталуда. Ұлттық байқаудың қалалық кезеңіне шаһарымыздағы 14 таңдаулы жанұя қатысты.
Комиссия құрамының шешімімен алты отбасы – Танбаевтар, Бекеновтер, Жәңгіровтер, Қарақойшиевтер, Сабыржановтар, Самархандар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Қайырлиевтер жанұясы – «Үлгілі жанұя», отбасымен қаржы саласында саласында еңбек ететін Османовтар – «Экономистер династиясы», Өтешовтар – «Кәсіпкерлер жанұясы», Әбуовтар – «Өнерлі отбасы» аталымдарымен марапатталды.
Сансызбаевтар жанұясы – үшінші орын иемденсе, Шаймардановтар – екінші, Шуриндер – бірінші орынды алды. Ұлттық байқаудың қалалық кезеңінің бас жүлдесі Ероллевтер отбасына берілді. Бір ұл бес қыз тәрбиелеп отырған жанұяның отағасы Айжол Хапитұлы – БҚО ПД қызметкері. Отанасы – Сәбира Рамазанқызы. Өздерінің де, қыздары Наргиза, Лилия, Әсемгүл, Жанелдің де жетістіктері мен алған марапаттары жетерлік. Ұлдары Мансұр – 2 сыныпта оқиды, үйдің кенжесі – Айлина екі-ақ жаста. Бас жүлде иеленген Еролеевтер енді облыстық байқауда бақ сынамақ.
Байқау қатысушылары мен жүлдегерлерін шараға арнайы қатысқан ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары Елена Тарасенко мен қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтады. Жүлдегерлер мен қатысушыларға «Kinoplexx» кинотеатры, «Рондо» балалар балет студиясы, «Турист» сауда үйі, «Белес», «Жарас» компаниялары, «Флорист» салоны, «CLAS» оқу орталығы, облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, STUDIO13, «Шабыт» қоғамдық бірлестігінің демеушілігімен сыйлықтар табысталды.
Эльмира НҰҒМАНОВА

ТАНБАЕВТАР отбасы


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу