8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Желтоқсан 2019 2066 0
Қоғам

Мемлекеттік қызметшілерге мерекені атап өткенше, мұқтаж отбасыларға көмектесу ұсынылды

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат мемлекеттік қызметшілерге мереке қарсаңында сыйлық алмауды ескертті.

Брифинг барысында ол мемлекеттік қызметшілерді автокөліктерді өз мақсатына пайдаланбауға, мас күйінде көлік тізгіндемеуге, репутацияға нұқсан келтірмеуге шақырды. Оның айтуынша, былтыр заңға қайшы материалдық сыйақы алғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге 2 млн теңгеге жуық 7 әкімшілік хаттама толтырылды. «Былтыр Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері 481 мың көлеміндегі айыппұлды төлегені үшін 2000 тг көлемінде сыйақы алған. Екі полиция қызметкері де 600 АЕК, яғни 1,5 млн теңге әрқайсысы әкімшілік айыпұл төлеуге мәжбүр болды», – деді Данияр Таумұрат. Оның айтуынша, өз міндетін атқарған мемлекеттік қызметшілерге қай түрде болмасын сыйақы беруге қатаң тыйым салынады. «Егер сыйлықтың құны 2 АЕК мөлшерінен төмен, яғни 5000 теңгедей болса, пара берушіге 200 АЕК, яғни 505 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Пара алған адам 600 АЕК, яғни 1,5 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүрленеді», – деді Д.Таумұрат. Департамент өкілі алған 2000 теңге сыйлығын 200 есе артық қайтарудың тиімсіздігін ескертті. Мемлекеттік қызметшілер жария түрде болмаса, оның келісімінсіз берілген сыйлықтың өзін алып кетуге құқығы жоқ екен. Мүлікті сақтау мен есебін жүргізу ережесіне сәйкес 7 күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік қызметші алған мүлкін арнайы қорға өткізуге міндеттеледі. Сыйлықты өткізген тұлға арнайы мемлекеттік қордан сыйлықты нарықтық бағада сатып ала алады. Данияр Таумұрат кез келген мерекені аста-төк атап өткенше, мұқтаж отбасыларға сыйлық сыйлауды ұсынды. «Біз корпоративтік жиын өткізбейміз. Жиналған қаражатты қайда жұмсайтынымызды ақылдасамыз», – деді Данияр Таумұрат.

https://www.inform.kz/kz/memlekettik-kyzmetshilerge-merekeni-atap-otkenshe-muktazh-otbasylarga-komektesu-usynyldy_a3592114

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
111 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
167 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
233 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
265 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
310 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»