8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қыркүйек 2020 1859 0
Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ КОНКУРСЫ ӨЗГЕРУДЕ

Мемлекет басшысы қол қойған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде ағымдағы жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңына бірқатар түзетулер енгізілді. Енгізілген өзгерістер негізінде конкурстың бір сатысы қысқарды.  Өзгерістерге  сай мемлекеттік қызметке орналасу конкурсының өткізілуі туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Аяжан Мырзабаева түсіндірді. 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Мемлекеттік қызметі туралы Заңымен айқындалғандай, мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Енді үш кезеңдік конкурстық іріктеуден екі кезеңге өту жүзеге асырылуда, яғни барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында екінші ішкі конкурс және жалпы конкурс біріктірілді. Сондай-ақ, жалпы конкурсқа үміткерлер ұсынуға тиіс құжаттар саны сегізден үшке қысқартылған.

– Бұл жаңашылдықтар біріншіден, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін кадрлық шешімдер қабылдауда мемлекеттік органның ұтқырлығын арттыруға септігін тигізсе, екіншіден, мемлекеттік органдардың бос лауазымдарын уақыт созбай толтыруына ықпал етеді. Кнкурс кезеңдерін қысқарту меритократия қағидаттарына теріс әсер етпейді, – деді Аяжан Мырзабаева.

Енгізілген жаңашылдықтың бірі – әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің қажет болған жағдайда әңгімелесуге қашық бейнебайланыс құралдары арқылы өту мүмкіндігінің пайда болуы. Сондай-ақ, үміткердің келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

– Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге шақырылатын байқаушылардың қатары кеңейтілді, енді байқаушы ретінде кәмілеттік жасқа толған республикамыздың әр азаматы, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электронды пошта бойынша персоналды басқару қызметіне хабарлаумен жүзеге асырылады, – деді БҚО-дағы Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілі.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
85 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
121 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
216 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
199 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»