8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Маусым 2023 1438 0
Бәрекелді!

Мемлекеттік қызмет пен ел қорғандарына құрмет

Маусымның 23-күні қалалық әкімшіліктің үлкен залында мемлекет қызметші және полиция күніне орай қала әкімі Миржан Сатқановтың қатысуымен салтанатты жиын болды.

Шарада құттықтау сөз сөйлеген шаһар басшысы Миржан Мұнайдарұлы: Баршаңызды бүгінгі қос мереке-Мемлекеттік қызметші және Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңіз білетіндей, бүгінде Орал қаласы әкімдігінде 1 әкім аппараты, 13 құрылымдық бөлім, 3 кенттік және 1 селолық округ жұмыс жасайды. Оларда 200-ден астам мемлекеттік қызметші қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген сенім үдесінен шығу үшін талмай еңбектенуде. Қала әкімдігінен бөлек қаламызда кірістер басқармасы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы сияқты өзге де салаларда мемлекеттік қызметшілер еселі еңбек етуде.

Еліміздің гүлденуіне, тұрғындардың әл-ауқатының өсуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан әріптестеріме зор алғыс білдіремін. Орал қаласындағы 1000- ға жуық полиция қызметкерлері жауапты міндеттерді атқарып, халықтың тыныс-тіршілігі үшін маңызды нысандарды күзетуге, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге белсене атсалысып, отансүйгіштік пен мемлекетшілдіктің жарқын үлгісін көрсетуде.

Өздерінің қызметтік міндеттерін кәсіби жоғары біліктілікпен мінсіз орындап жүрген тәртіп сақшыларына ризашылығымды білдіремін,-деген тілегінен кейін қала әкімі Миржан Сатқанов бір топ Мемлекет қызметші мен полиция қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады.

Гүлжан Аязбаева

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
23 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
136 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
193 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
257 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
289 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
333 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»