8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қараша 2020 1555 0
Өзек

МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫН ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛҒАН

Орал қаласында кәсіпорын басшысы мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген 143 млн. теңгеден астам қаражатты жымқырған. Ол «Марасант» және «Бірлік» құрылыс компанияларының директоры және құрылтайшысы Аманжол Көнеев. Бұл фирмалар Мемлекеттік сатып алуға қатыса отырып, мемлекет қаржысын қолды қылған.

«Марасант» және «Бірлік» құрылыс компанияларының директоры Аманжол Көнеев ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы және 245-баптың 3 бөлімімен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынған. Айыпты мемлекеттік сатып алуларға қатыса отырып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді салуға бөлінген 143 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. «Сондай-ақ, айыпталушы 2017-2018 жылдар аралығында 1,5 млрд. теңгеден астам сомаға салықтарды төлеуден жалтарған.

Айыптының қорғаушысы З.Вагапов  Аманжол Көнеевтің қамауға алынғанын растады. Адвокат Закир Вагаповтың айтуынша, тергеу амалдары шамамен 10 айдан бері жүргізілуде. Қазір айыпты Ру 170/1 мекемесінде отыр. Дегенен, адвокат «ол заң аясында барлық талаптарды орындап отыр, сотқа дейін қамауға алынбауы тиіс» деп есептейді.

Айта кету керек, біреудің мүлкін ұрлау немесе иемдену бабының санкциясы –  12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Айнара ИСА, zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
101 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
160 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
224 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
259 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
304 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»