«Меломен» тобы: «Киноның басты рөлінде ойнаймыз»
Өнерсүйер тыңдарманға «О махаббат», «Арман шағала», «Келеді кездескім» әндерімен танылған «Меломен» тобы «Қазақконцертпен» бірге Орал өңіріне келген болатын. Осы сәтте шұғыл сұхбаттасудың сәті түсті. Он жылдан бері өнер сахнасында қалықтап, биік белестерді бағындырған әнші жігіттер таяу арада киноға түсетіндерін жеткізді.
– Оралға бұдан 3-4 жыл бұрын өнерде жүрген аға-әпкелерімізге ілесіп келген едік. Биыл киелі шаңырақ «Қазақконцерт» ұжымымен бірге жолымыз түсті. Алтынбек ағамызбен бірге Қаратөбе, Теректі, Сырым аудандарында болдық. Бізді халық ерекше ықыласпен қарсы алды. Әсіресе, қаратөбелік көрерменнің ықыласы ерекше болды. Залда ине шаншар жер болмады. Атақты Ғарифолла туған топырақ қой! Содан шығар, қарапайым жұртшылықтың мәдениеті көріп сүйсіндік. Өнерді түсініп, бағалай білетін киелі өңір екенін анық аңғартты.
– Осы топтан жыл басында Жігердің кеткенін естідік. Сол кезде араларыңызда түсініспеушілік, реніш болғаны рас па? Қазіргі қарым-қатынастарыңыз қалай, түзелді ме? Жігермен араласып тұрасыздар ма?
– Әрине. Жігер өзі жеке әнші болып кетті. Арамыз суыған емес. Барлығы жақсы. Сәлеміміз түзу.
– Енді оның орнына басқа өнерпаз келуі мүмкін бе?
– Жоқ. Біз әрі қарай жұмысымызды трио ретінде жалғастыратын боламыз. Бұл үшеуміздің ортақ шешіміміз.
– Киноға да түсіп үлгерген екенсіңдер. Алдағы уақытта тағы қандай фильмдерден көреміз?
– Жақын күндері продюсеріміз Бауыржан Есебаевтың бастамасымен «Сені ойласам…» атты сегіз сериялы фильм түсірілмек. Сол кинода үшеуміз де басты рөлде ойнайтын боламыз.
- Бәрекелді! Киноға түсіп жүргенде ән жазуды да ұмытпаған шығарсыңдар?
- Ұмытқан жоқпыз. Негізгі шығармашылық жұмысымыз ән шырқап, көрерменнің жүрегіне жол табу ғой. Жақында Бауыржан Есебаевтың сөзі мен әніне жазылған «Тек мені сүй» атты су жаңа әніміз жарыққа шықты. Осы әнге арнайы бейнебаян түсірілді. Осы арада клипмейкер Жеңісханның еңбегі зор. Қазір монтаждау үстінде. Бұл бейнебаян мамыр айының соңында барлық телеарналардан көрсетіледі. Алдағы уақытта Бауыржан ағамыздың басқа да әндерін өмірге әкелуді жоспарлап отырмыз.
– Әндеріңіздің басым бөлігі лирикалық бағытта екен. Топ үшін әнді кім таңдайды?
– Продюсерімізбен бірге таңдаймыз. «Меломеннің» қалыптасқан өз стилі бар. Ол бізді өзге әншілерден ерекшелендіріп тұрады. Сүйіп тыңдайтын тыңдарманымыз бар. Көрерменімізді жоғалтпауға тырысамыз. Бұған қоса, діни бағыттағы және балаларға арналған тақырыпта, патриоттық әндеріміз көп.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
«Жайық үні»
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу