МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ МҰҒАЛІМДЕРДІ ТІКЕЛЕЙ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАЙ АЛМАЙТЫН БОЛДЫ
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік мектептер, балабақшалар және басқа да білім беру ұйымдарының директорлары мұғалімдерді жеке-дара жұмысқа орналастыра алмайтынын мәлім етті.
Сенат депутаттары екінші оқылымда жалпы білім беретін мектеп директорларына қойылатын кейбір жаңа талаптар енгізілген ғылым мәселелері жөніндегі заң жобасын қабылдады.
Бірінші түзету мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтарды конкурстық қабылдауды енгізуге қатысты.
«Енді мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі. Яғни мұғалімді жұмысқа қабылдауға қатысты шешім тек директорларға тәуелді болмайды», – деп жазды Facebook парақшасында министр.
Оның сөзінше, қазіргі жүйе ашықтық қағидаттарына толығымен сай деп айтуға келмейді, сәйкесінше сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берілуі мүмкін. Ал кейбір өңірлерде бір пән бойынша бір ставканы бірнеше мұғалімге бөліп береді. Бұл білім беру сапасына кері әсер етеді.
«Сондықтан мұндай фактілердің алдын алу үшін педагогтерді жұмысқа конкурс арқылы іріктеп, барлығына түсінікті әрі ортақ ереже бойынша қабылдау көзделді. Ережеде конкурстық іріктеудің нақты қағидалары бекітіледі. Бұл жұмыс цифрлық технологиялардың көмегімен автоматтандырылады», – деді Асхат Аймағамбетов.
Осылайша, педагогті жұмысқа қабылдау туралы шешімді бір ғана адам емес, көпшілік қабылдайды. Педагогтердің кәсібилігіне және барлық талапқа сай болуына ден қойылады.
Ал екінші түзету мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау институтына қатысты.
«Ротациялау институты мемлекеттік қызметте, бизнес құрылымдарында және басқа да бағыттарда енгізілген. Алайда білім беру саласында ротациялау тәртібін қолдану мүмкін болмады. Тіпті мемлекеттік ұйымдардағы басшылардың басым денімен мерзімсіз еңбек шарты жасалған, сәйкесінше көбі лауазымдық қызметті жылдар бойы атқарады.
Дегенмен олардың арасында ұймдағы жұмысты жақсарту үшін бар күшін, ынта-жігерін салып еңбек етіп жатқан білікті басшылардың да бар екені жасырын емес. Тек жылдар бойы бір орында жұмыс істесе де тиімділігін жоғалтпағандар санаулы. Кейбір жағдайларда жұмысқа деген ынтаның төмендеуі, мотивацияның жоғалуы немесе сол ұйымдағы басқа мамандардың да қызметтік өсуге деген ниеті болуы – заңды ұғым. Яғни басшылардың жылдар бойы бір лауазымда отыруының өз артықшылықтары да бар, кемшіліктері де көрініс тауып жатадыі», – деп түсіндірді Аймағамбетов.
Министрдің сөзіне қарағанда, басшыларды орындарымен ауыстыру үздік тәжірибені басқа да ұйымдарға енгізуге ықпал етеді. Бұл тұрғыда ротациялаудың нақты тәртібі бекітіледі. Ротацияны министрлік әзірлеген қағидалар бойынша білім басқармалары жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу