8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2018 3591 0
Жалын

МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА «ӨЛКЕТАНУ» ОҚУЛЫҒЫ ЕНГІЗІЛДІ

 Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен  5–7-сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығының таныстырылымы өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  5-7 сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығы әзірленіп, «Арман ПВ» баспасымен басып шығарылды.

Аталған курс 2018-2019 оқу жылының ІІ жартыжылдығынан бастап «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «География» және «Музыка» пәндерінің аясында кіріктіріліп оқытылатын болады.

Оқу жүктемесінің көлемі – 20 сағат (5-сыныпта- 5 сағат, 6-сыныпта –  7 сағат, 7-сыныпта  – 8 сағат).

Оқулық туған өлкенің табиғаты мен табиғи ерекшелігін, өлке шаруашылығы мен тұрғылықты халықтың кəсіптік ерекшелігін,  өлке тарихы мен халықтың даму тарихын, этнографиялық ұлттық ерекшеліктері мен демографиясын, топонимикасын, өнерін,  мəдениетін т.б. қамтиды. Бір сөзбен айтқанда, аталған оқулық орта мектеп оқушыларына өлке тарихын тереңірек таныстыруға бағытталған.

Оқулықты дайындау барысында Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы, Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейі, Батыс Қазақстан тарихи және археология орталығының материалдары авторлық құқықтарын сақтай отырып пайдаланылды.

Оқулықты құрастыруға облыстың жоғары оқу орындарының ғалымдары, тәжірибелі педагогтер, әдіскерлер тартылды.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
173 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
363 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
352 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»