МЕКЕМЕ МАМАНДАРЫ СӨЗ САЙЫСТЫРДЫ
Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының үлкен залында «Жақсы сөз – жанның тынысы» атты мекемелер мен кәсіпорындар арасында облыстық сөз сайысы байқауын ұйымдастырды. Бұл шараға 5 мекемеден құралған 5 топ қатысты.

Байқаудың мақсаты – қоғамның әр саласында қызмет етіп жүрген мамандарды ынталандыру, тілдерді жетік меңгерген қабілетті мамандарды анықтау және қолдау. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы мемлекеттік тілді меңгерген қызметкерлердің санын арттыру, қазақстандық патриотизмді дамыту, рухани құндылықтарымызды насихаттау.
Алғашқы таныстыру бөлімінде әр топ өз мекемесін таныстырып, оны қысқаметражды бейнеролик немесе презентация түрінде қорғады.
Екінші бөлім – «Sen de – bir kirpish, dúnɪege…» деп аталды. Қатысушылар латын графикасы бойынша эссе жазады. Эссе тақырыбында Қазақстандағы қазіргі саяси-әлеуметтік өзекті мәселелерді қамтып, рухани жаңғыру мәселесі сөз болды.
Үшінші «Өнерліге өріс кең» кезеңінде әр топ өз өнерлерін (Ән, күй, би, көркем сөз оқу және т.б) ортаға салды.
Төртінші бағыт – «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деп аталып, мақал-мәтел айту, жағдаяттық мәселе бойынша топтар арасында пікір алмасып, сұраққа жауап берді. Жағдаяттық тапсырмаларда қазіргі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» т.б. тақырыптар төңірегінде ой толғады. Ұсыныс-пікірлер айтылды.
Байқауда айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ш. Қыдырниязова, ақын, жұбантанушы ұстаз Ү.Елеубаева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Мәдениет және өнер факультетінің деканы, PhD философия докторы – Қ.Қажимова , Орал қалалық №40 ЖББОМ қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі – А.Сабыр, аға оқытушы, философия докторы – А.Ақболат қазылар алқасының мүшесі ретінде үміткерлердің тіл біліктілігі, тіл мәдениетін, білімдері мен өнерлерін бағалады.
Жалпы қорытынды бойынша Бас жүлдені – Орал қаласының Полиция басқармасының «Оралдың айбынды сақшылары» тобы қанжығасына байлады.
Бірінші орынды – Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы атынан келген «Жалынды жастар» тобы, екінші орынды – Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті РУ-170/1 мекемесінің «Тіл сақшылары» тобы, үшінші орынды «Жайық Пресс» ЖШС-ның «Qalamger» тобы иемденді. Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Аманат» тобына белсене қатысқаны үшін арнайы алғыс хат табыс етілді.
Барлық командалар ақшалай сертификаттармен мараппатталып, жүлделі орын алған командаларға статуеткалар мен дипломдар табысталды.


Фотосуреттерді түсірген Рафхат Халелов
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу