Медициналық сақтандыру қоры сақтандырылмаған азаматтарға уақытша мәртебе беруді ұсынады
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінен жеңілдетілген санаттағы азаматтардың «түсіп қалу» жағдайлары туралы түсінік берді.

15 жеңілдік категориясының өкілдері үшін, яғни 11 млн.-ға жуық қазақстандықтар үшін мемлекет жарнаны төлейді, Медициналық сақтандыру қоры өз емханасына немесе өз бетінше Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы бойынша жүгіну арқылы уақытша мәртебе беру алгоритмін (бір айға) әзірледі.
Осылайша, халықтың жеңілдікті санаты өкілдерінің сақтандыру мәртебесімен туындайтын мәселелер жедел мерзімде шешіледі, пациент медициналық қызметтерге қол жеткізе алады.
Пациент медициналық ұйымға жүгінген кезде оның қызметкері пациенттің растайтын құжатын сканерлейді (суретке түсіреді) және оны «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы ӘМСҚ-ға жібереді. Қор пациентке 1 айға мәртебе береді, оған тиісті хабарлама жіберіледі.
Жеңілдікті санаттағы дәл осындай өкіл мұны App Store және Play Market-те «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы өз бетінше жасай алады. Жеңілдікті санатқа қатыстылығы туралы растайтын құжатты жүктеп алып, ӘМСҚ-ға жіберу қажет. Қор өтініш берушіге 1 айға мәртебе береді және тиісті хабарлама жібереді.
Қор мәртебені ресми қызметтер арқылы – ӘМСҚ сайтында fms.kz, Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасында, Telegram-дағы Saqtandyru-bot арқылы тексеру қажет екенін атап өтті. Барлық жүйелер дұрыс және айқын жұмыс істейді.
Айына екі рет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жеңілдетілген санаттар бойынша жаңартылған деректер базасын ұсынады. Тұрақты сақтандыру мәртебесін растау үшін Мемлекеттік корпорацияға 1414 нөмірі бойынша хабарласу қажет.
Сондай-ақ, төлемдердің болуы немесе болмауы, жүзеге асырылған қайтарулар туралы ақпаратты https://egov.kz/ «Электрондық үкімет» порталынан алуға болады. Ол үшін «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызметіне тапсырыс беріледі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу