МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКАЛАРДЫ ШЕКАРА АСЫРМАҚ БОЛҒАН
Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» өткізу бекетінде медициналық маскаларды шекарадан заңсыз алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды.

Тексеріс кезінде Алматы қаласынан Мәскеуге бет алған «ДАФ» жүк көлігінен бір рет қолданылатын 406 мың дана бетперде табылды. Өнімнің құны 36 миллион теңгені құрап отыр. «Тауардың тиісті ілеспе құжаттары бар болғанымен, мемлекетімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты медициналық қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмекті ел аумағынан шығаруға уақытша тыйым салынған» дейді мамандар.
– Тыйым салынған тауар 15 сәуір күні кешкі сағат 20-00 шамасынжда Самарамен шекаралас «Сырым» бекетінен өткізбек болған кезде анықталды. Қазір жиналған материал БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілді. Сол бойынша тиісті шешім қабылданатын болады,– деді БҚО шекаралық бақылау департаментінің аға офицері Саламат Кенжеғұлов.

Соңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу