8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Маусым 2020 1780 0
Қоғам

МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКА ШЫҒАРАТЫН 4 КӘСІПОРЫН АШЫЛАДЫ

Биыл Қазақстанда медициналық маска шығаратын 4 кәсіпорын ашылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ішкі нарықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында отандық өнімдерді шығару бойынша өндірістік қуатты ұлғайтуды жалғастырып жатырмыз. Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 6 айға маскаға деген қажеттілік 111,2 млн дананы құрайды. Бүгінгі таңда 9 отандық кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 490 мың дана медициналық маска шығаруға мүмкіндік береді. Өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында осы жылдың соңына дейін 4 жаңа кәсіпорын ашуды жоспарлап отырмыз», – деді Б. Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, осы жобаларды іске қосу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндіріс көлемін ұлғайту тәулігіне 1,1 млн дана маска шығаруға мүмкіндік береді.

«Тұтастай алғанда, халықтың маскаға деген қажеттілігі осы кезеңде – 144 млн дана. Бүгінде барлық маскалардың тәулік сайынғы көлемі 413 мың дананы құрайды. Халықты қажетті маскалар санымен қамтамасыз ету үшін біз тігін кәсіпорындары есебінен көп мәрте қолданылатын, алдын алу, қорғау маскаларының өндіріс көлемін тәулігіне 800 мың данаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», – деді министр.

Оның дерегінше, жергілікті атқарушы органдар тігін кәсіпорындарымен көп мәрте қолданылатын маскалар қорын құру бойынша жұмысты бастап кеткен.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
119 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
174 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
242 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
272 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
317 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»