МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КЕЗІНДЕГІ 6,1 МЫҢ АУЫТҚУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Мемлекеттің тапсырысы бойынша Республика бойынша халыққа 1404 мекеме қызмет көрсетеді . Бұл ауруханалар мен емханалар көрсетілген медициналық көмектің көлеміне сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен қаржыландырылады.

Серіктестіктің басты шарты – тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен көлемін жіті қадағалап отыру. Бақылауды тікелей қор өткізеді. Науқастарды емдеу не тексеру сапасы медициналық ұйымның жеке немесе мемлекеттік болғанына қарамастан бірдей болуы маңызды.
2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жұмыс істейтін медициналық ұйымдарды қадағалады. Мамандар медициналық көмек кезінде 6,1 мың ауытқушылықты анықтаған.
Медициналық сақтандыру қоры бұл кемшіліктер үшін қаржыландыру көлемін азайтады. Жарты жылда босатылған қаражат көлемі 121,6 млн.теңгені құрады. Олар медициналық ұйымдар арасында басым бағыттар бойынша бөлінеді.
Нәтижелі әрі сапалы жұмыс істейтін мердігерлердің тізіміне 5 медициналық ұйым енді. Сараптама қорытындысы олардың 60% жекеменшік клиника екенін анықтаған.
Көрсетілетін қызметтің сапасын көтеру үшін медициналық сақтандыру қоры жасыл аймақтағы мердігерлерді ынталандырып, ал қызыл аймақтағыларға шара қолдануды жоспарлап отыр.
Болашақта медициналық көмектің сапасы клиникамен келісімшартқа отырарда назарға алынатын болады. Медициналық сақтандыру қоры науқастың мүддесі үшін медициналық көмекті сатып алатындықтан олардың құқығын білуі мен заңсыз жағдайларды хабарлауы маңызды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу