МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Отандық медицина саласына жарты ғасырға жуық ғұмырын арнаған ҚР еңбек сіңірген дәрігері Бақтығали Ахметовтың 80 жас мерейтойына орай Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда салтанатты кеш өтті. Медицина саласының құрметті қызметкеріне арналған шырайлы шараны денсаулық саласының қызметкерлері ұйымдастырған. Бақтығали Ахметовтың денсаулық сақтау саласында жүріп өткен жолы кеңінен әңгімеленген кешті №2 қалалық емхананың басшысы Қашура Мұхтарқызы жүргізді.

Бақтығали Ахметов 1939 жылдың тамызында Тасқала ауданының 2-Шежін ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1956 жылы ұжымшар мүшесі ретінде бастаған. 1957 ж. Оралдағы 1 жылдық ауыл шаруашылығы мектебін, 1964 жылы Ақтөбе медицина институтын бітірген. Өзінің айтуынша, медицина саласына кездейсоқ келіпті.
– 10 жылдықты бітірген уақытта агроном болғым келді. Ол уақытта ауыл шаруашылығы институты тек Алматыда ғана болған. Оған баруға мүмкіндігім болмай, елде қалып, ұжымшарда еңбек еттім. Егін аяқталғанша санақшы болдым. Одан кейін мені ұжымшарға есепші етіп қалдырып, бір жыл оқуға жолдады. Оны үздік аяқтағаным үшін Алматыдағы бухгалтерлік училещеге емтихансыз түсуге жолдама берді. Бірақ, мен одан бас тарттым. Ол кезде 10 класты бітіргендердің екі жылдық еңбек өтілі болса, институтқа жеңілдікпен қабылданатын. Оралдың және Гурьевтың педагогикалық институты және Ақтөбенің медициналық институына ғана грант бар екен. Мен қалаған ауыл шаруашылығы институына грант болмады. Мен тағы бас тарттым. Дегенмен, үлкен ағамның сөзінен аса алмай, медициналық институтқа бет алдым. Бірінші курстан кейін ауылшаруашылығына ауысамын деген ойым болған. Алайда, институтта өте жақсы ұстаздарға тап болдым. Солардың ықпалымен медицинаға қызығушылығым оянды, – дейді Бақтығали Ахметов.
Денсаулық сақтау саласындағы еңбек жолын Қазталов ауданының ауруханасында хирург ретінде бастаған ол кейін Сырым, Тасқала аудандарының ауруханасында, облыстық ауруханада жалғастырып, хирург, бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігер болды. 1981-96 ж. аралығында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, одан кейін облыстық диагностикалық орталықтың директоры болды. Зейнетке шыққанымен қазір де өз білімі мен тәжірибесін ізбасарларына үйретіп келе жатқанын атап өту керек. Бүгінде Бақтығали Ахметов қаламыздағы «Мақсат» жеке медициналық колледжінде қызмет етуде.
– Бақтығали Ахметұлы өз қызметін сүйіп атқаратын медицина саласының майталманы. Ол білікті дәрігер ғана емес, шебер ұйымдастырушы. Оралға Кеңес Үкіметі кезінде Мәскеуде бүкілодақты съездер өткен кезде, әр сессияны басқару академиктер мен докторларға табысталатын. Сол съездің бір сессиясын басқару Бақтығали Ахметовке берілді. 16 жылдан астам облыстың денсаулық сақтау саласын басқарды. Ағамыздың медицина саласындағы еңбегі орасан, – дейді колледждегі шәкірттерімен салтанатты кешке келген «Мақсат» медициналық колледжінің басшысы Мақсот Берген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрданат Беркінғали өңірдегі медицина саласы қызметкерлері атынан құттықтап, еңбек ардагеріне ат мінгізді. Сондай-ақ санаторлық-курорттық емделуге жолдама ұсынды.
Сонымен қатар шараға қатысқан қаладағы емдеу мекемелерінің ұжымдары мен Бақытғали Ахметовтың замандастары кеш иесіне құттықтау тілектерін жаудырды.


Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу