МАС КҮЙДЕ КӨЛІК БАСҚАРЫП, ӨЗГЕЛЕРДІҢ ӨМІРІН ҚИДЫ
Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері масаң күйде басқарған жүргізушілердің қатысымен 19 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 21 адам жарақат алып, 2 адам қаза болды.

Жүргізушілердің барлығы дерлік мас күйінде рөлге отыруға болмайтынын біледі, себебі мас адамның салғырттығынан жазықсыз адамдар зардап шегетін жол апаты орын алуы әбден мүмкін. Алайда, көптеген автоәуесқойлар заңнама нормаларын сақтамай, ішімдік ішкен күйде көлік айдауды жалғастырады. Осыған мысал, жуырда сағат 13.20-да Бөрлі ауданында Бөрлі ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының қызметкерлері 1968 жылғы азаматтың басқаруындағы «Hyundai Sonata» маркілі автокөлігін тоқтатады. Тексеру кезінде көлік жүргізушісі «орта дәрежедегі» мас күйі жағдайында болғаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлімі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазанның 19-ы күні сағат 08.20 кезінде Бөрлі ауданы Ақсай қаласында 1986 жылғы азамат «LadaGranta» маркілі автокөлігін масаң күйде басқара отырып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Лада-21114» маркілі автокөлігімен соқтығысады. Жол көлік апаты салдарынан «Лада-21114» автокөлігіндегі 1950 жылғы және 1948 жылғы ерлі-зайыптылар оқиға орнында қаза болды. Ал келесі автокөлік жүрізушісі және оның екі жолаушысы түрлі жарақаттарымен Ақсай қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу