МАС КҮЙДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН ОРАЛДЫҚ АЗАМАТ 20 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛУЫ МҮМКІН
11 қаңтардан бастап мас күйде автокөлік басқарғандарға жауапкершілік күшейтілген заң күшіне енді. Орал қаласында жаңа заңмен жауапқа тарту бойынша алғашқы факт тіркеліп үлгерген.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мас күйде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасына жол берген 22 жасар оралдық азамат осы қатаңдатылған заң бойынша жауапқа тартылмақ. Бүгін, 13 қаңтар күні шамамен сағат 7.00-де «ВАЗ-21150» жүргізушісі Құрманғазы көшесімен қозғалып келе жатып, Фрунзе көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай арыққа түсіп кеткен.
Медициналық сараптама қорытындысында жүргізушінің мас күйде болғаны нақтыланды.
Қазір 1997 жылғы бұл жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 608-бабы 3-тармағы бойынша (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қозғалуда. Жаңа заң бойынша оған 20 тәуліктік әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылып, сегіз жылға дейін көлік жүргізу құқынан айырылу қаупі төніп тұр.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу