МАЛ ҰРЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН 27 ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
БҚО аумағында мал ұрлығы 16 пайызға азайған. Нақтырақ айтсақ, 2019 жылы 411 бас малдың ұрлануы тіркелсе, 2020 жылы 344 бас жоғалған.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, көп жағдайда далада қараусыз жайылып жүрген малдар ұрланады. Өткен жылы тіркелген мал ұрлығы қылмыстарының 78,8 пайызы еркін жайылымнан жоғалған, 21,2 пайызы ғана қорадан ұрланған екен. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрланған малдың 69,4 пайызы иелерін қайтарылды.
БҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Ерлан Арыстановтың баяндауынша, мал ұрлығымен айналысатын қылмыстық топтарды анықтау бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2020 жылы 27 қылмыстық топ пен 178 мал ұрлаушы анықталып, олардың қылмыстық әрекеттері әшкереленді.
2020 жылдың сәуір айында ұзақ уақыт жүргізілген жедел әшкерелеу жұмысы нәтижесінде ағайынды Ешовтардың қылмыстық әрекеті әшкере болып, оларға қатысты мал ұрлығы бойынша 45 эпизодты іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа жолданғаны мәлім.
Өткен жылдың ішінде ұрын жасалған 110 мал ұрлығы қылмысы ашылды, оның ішінде 46-сы «өткен жылдар» санатына жатады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу