8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қараша 2019 1759 0
Қоғам

МАКСИМ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАДАН АЛТЫН ТАҚТЫ

Теміртау қаласынан осындай сүйінші хабар жетті. 11-сынып оқушысы Максим Ким жаратылыстану-математика бағыты бойынша XIІ Президенттік олимпиадасынан алтын медаль алды.

Республикалық жарысқа қатысу мүмкіндігіне Қазақстан бойынша 172 оқушы ие болды.  Еліміздің әр өңірінен жиналған мықтылар  екі күн бойы физика, математика, химия және биология пәндері бойынша бақ сынасты. Ерекше атап өтетін жайт, Максимнің көрсеткіштері олимпиаданың 3 үздік нәтижесіне енген.

–  Бала кезімнен жаратытылыстану және математика ғылымдарына әуеспін. Олимпиада тапсырмаларының мен үшін күрделі болмағандығы содан болар. Қарсыластарымның да осал болмағанын мойындаймын. Әр пәннен дайындаған ұстаздарыма алғысым шексіз, – дейді алтын медаль иегері оралдық Максим Ким.

Максимнің сөзінше, бұндай ауқымды жарыстар әр оқушы үшін  мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Жеңімпазды физика пәнінен Қанат Бисеков, математикадан Нұрлы Габдуллина, химиядан Гүлсім Киматова, биологиядан Нұркен Аймұханов сияқты ұстаздар дайындаған.

Беделді олимпиаданың қазылар алқасының құрамында өткен жылдардағы халықаралық және Президенттік олимпиадалардың жеңімпаздары, бүгінде еліміздің алдыңғы қатарлы және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері, магистрлері мен PhD докторлары бар.

Айта кетейік, оқушылардың  жаратылыстану-математика бағытындағы білімдерін тереңдету,  дамытуға бағытталған олимпиада 2008 жылдан бері Елбасының бастамасымен өткізіліп келеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер отандық жоғары оқу орындарына білім беру гранттарын тағайындауда басым құқықты иеленеді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
411 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»