8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Шілде 2024 4902 0
Білім

Магистратурада оқуға 13 мыңға жуық грант бөлінді

Тестілеу басталғалы 24 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырды. Олардың 43%-ы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 75 балл. Ең жоғары балл – 130.

Тестілеу басталғалы 84 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 54 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 28 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Тестілеуде 2 бөгде тұлға анықталды.

Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляцияға беру мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде оқуға түсуші бірден апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция бес күн ішінде қаралады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.

Естеріңізге сала кетсек, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 42 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Магистратурада оқуға 13 мыңға жуық грант бөлінді. Биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 20 шілдеде басталды және 6 тамызға дейін жалғасады.

Дереккөз: kazinfom.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
124 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
193 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
233 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
276 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»