Мақсот БЕРГЕН: «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БЕЙІМ»
Бүгін, 18 наурыз күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы «Парасат жолы» орталығында өткен кездесуде медицина, білім салаларындағы түйткілді мәселелерді көтерді. Қоғамда парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған «Парасат жолы» жобасы аясында өткен жиынға өңірге жұмыс сапарымен келген республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және зиялы қауым өкілдері қатысты.

– Әлеумет үшін аса өзекті салаға назар аудартқым келеді – бұл медицина. Біріншісі, медициналық сақтандыру туралы болмақ. Өздеріңізге мәлім, осыдан 20 шақты жыл бұрын елімізде Медициналық сақтандыру қоры болды. Қор басшылығы ақшаны жинап, мұхит асып қашып кетті. Енді тағы құрылды. Әр азамат үшін 2, 1,5, 1 пайыздан ақша аударылып, қорға миллиардтаған ақша түсіп жатыр. Ауыр жұмыс жасап жүрген мейіргерлердің, санитарлық қызметкерлердің алатын жалақысы – 50 мың теңге. Ал сол қорда отырғандар олардан бірнеше еселенген мөлшерде алады, тіпті 4 адам жалпы есебі 19 млн. теңге сыйақы алғаны туралы ақпарат бар. Тағы бір мәселе – фармацияға қатысты. Бұрын дәріханаларды тексеру – ескертусіз, күтілмеген жағдайда жүргізілетін. Қазір заңға сай бір ай бұрын ескерту жіберіледі. Бұл – жемқорлыққа жасалып отырған мүмкіндік, – деген Мақсот Берген медицина саласы бойынша мамандардың оқытылуы, аттестация, аккредитациядан өтудегі талаптарға қатысты мәселелерді қозғады.
Жиында республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 100-ден аса қылмыстық іс ашылғанын және аоардың қатарында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «СК-Фармация» ЖШС басшылығына қатысты істердің қозғалғанын да атап өтті.

zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу