МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚОҒАМДАҒЫ ДАУЛЫ МӘСЕЛЕНІ КӨТЕРДІ
Батыс өңіріне арнайы іс-сапарымен келген «AMANAT» партиясы әйелдер қанатының тең төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Заңнама және сот құқықтық реформа» комитетінің төрағасы – Снежанна Имашева «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының» қызметкерлерімен және аталмыш орталыққа көмек сұрап келген әйелдермен кездесті.

Әлемдегі ең көп тараған адам құқығын бұзудың түрі – әйелдер мен балаларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылық. Нәзік жандыларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері әлемдік деңгейде, мемлекеттік деңгейде де жаға ұстатарлық статистиканы көрсетіп отыр.
ҚР ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2022 жылы елдегі әйелдерге қатысты тіркелген тұрмыстағы зорлық- зомбылық оқиғаларының саны 61 277-ге жеткен. Ал 2023 жылы60 741 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Қоғамда өзекті проблемаға айналған, күннен-күнге жантүршігерлік оқиғалар болып жатырған тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі Батыс өңірінде де қуантарлық жағдайда емес.
Президент тапсырмасына сәйкес отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдатылғаны белгілі. Осыған орай Батыс Қазақстан облысында қандай іс-шаралар қолға алынды? Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін не істеу керек? сынды сұрақтарымен Батыс өңіріне арнайы іс-сапарымен келген «AMANAT» партиясы әйелдер қанатының тең төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Заңнама және сот құқықтық реформа» комитетінің төрағасы – Снежанна Имашева «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының» қызметкерлерімен және аталмыш орталыққа көмек сұрап келген әйелдермен кездесіп, облыста әйел азаматшалардың тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері, олардың алдын-алу және қорғау жұмыстары жөнінде ой өрбітіп, жұмыс барысымен танысты.
Аталмыш дағдарыс орталығына жылына шамамен100 шақты әйелдер балаларымен келеді. Барлығында ортақ мәселе – отбасы жағдайына байланысты немесе жолдасынан немесе отбасы мүшелерінен жәбір көріп келгендер.
Өз кезегінде, дағдарыс орталығының басшысы Мариэтта Давлетиярова орталыққа келіп, келушілермен кездесіп, көңіл бөлгеніне алғыс білдіріп, орталық туралы бірәз ақпаратпен бөлісті.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері учаскелік инспекторлар 2 мыңнан астам қылмысты ашты. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 31 қылмыстық іс-әрекет орын алған, оның ішінде 18-і әйел адамдарға жасалған. Барлығы да облыс орталығында орын алған оқиғалар. БҚО дағдарыс орталығында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге құқықтық кеңес беру жалғасады.
Ақпарат үшін:
Егер кішкентай баланың қараусыз қалғанын, оған қауіп төніп тұрғанын байқасаңыз, балаға немесе әйелге қатыгездік көрсету, зорлық-зомбылық көрсету, құқықтарының бұзылуы мүмкін екенін білсеңіз, бірыңғай мемлекеттік «111 AMANAT» байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
Барлық қоңыраулар жазылады. Қоңырау шалушы қандай шаралар қабылданғаны туралы кері байланыс беруі қажет.
Құқық бұзушылық туралы «111» – ге дереу хабарлау арқылы әрқайсымыз отбасының, әйелдер мен балалардың қорғаушысы бола аламыз және болуымыз тиіс.
«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру