МӘРТЕБЕНІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРЕМІЗ?
2020 жылғы 1 қаңтардан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге асырыла бастады. Осыған орай «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова МӘМС жүйесінде мәртебені қалай тексеруге болатынын түсіндірді.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді бірнеше әдіс арқылы тексере аласыз:
@SaqtandyryBot телеграмм-боты:
Мини-бағдарламаны іске қосу үшін, сілтемені ашу қажет: https://t.me/SaqtandyryBo немесе іздеу жолына атауын енгізіп, “Сақтандырылу мәртебесін анықтау” бөлімін таңдап, ЖСН енгізу керек.
Egov.kz электронды үкімет порталы:
«Денсаулық сақтау» бөлімінде «МӘМС жүйесінде медициналық қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» қызметін тауып, «Онлайн сұрау» батырмасын басып, ЖСН көрсету қажет. Нәтиже 10 минут ішінде шығады.
Қордың ресми сайты – fms.kz:
«Мәртебені анықтау» терезесі оң жақта орналасқан. Соны басып, ЖСН көрсетсеңіз болғаны.
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы:
Ол үшін «Сақтандырылу мәртебесін тексеру» бөлімін таңдап, әрі қарай ЖСН енгізу керек. Терезеде мәртебе және өткен 12 ай үшін төленген жарналар туралы ақпарат пайда болады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу